Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Астанада көлік полициясы қызметкерлері марапатталды

11-қыркүйекте Астана қаласында ҚР ІІМ Көліктегі ІІД бастығы полиция полковнигі Аманжол Қабыловтың төрағалығымен «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде еліміздің әуе және темір жол көліктері нысандарындағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қадағалау бойынша ведомство жұмысының нәтижелері жарияланған қорытынды отырысы болып өтті.

Қабыловтың айтуынша, департаменттің жеке құрамы қызмет көрсету аумағындағы құқықтық тәртіпті қорғауда өз борыштарын адал атқарды. Сондай-ақ еліміздің бас көлік полицейі жиналғандарға ризашылығын білдіріп, оларға мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен табыстар тіледі.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл 10-шілдеден бастап 10-қыркүйек аралығында қылмыстарды дер кезінде ескерту және жолын кесу үшін Көліктегі ІІД жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген тәртібіне көшірілді. Қоғамдық тәртіпті қорғауға департаменттің 270-тен аса қызметкері жұмылдырылды. Көрмені өткізудің алғашқы күнінен бастап көлік полицейлерімен Астана-1 және Астана «Нұрлы жол» темір жол вокзалдарында, сондай-ақ, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында шетелдік қонақтар мен жолаушы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар кешенді шаралар жүргізілді. Оқиға орнына шұғыл шығу және орын алған қылмыстардың «ізін суытпай» ашу үшін жедел-тергеу топтары құрылды. Еліміздің барлық әуежайлары мен темір жол вокзалдарын патрульдеу мақсатында қызметтік-іздестіру иттерімен бірге кинологиялық орталық қызметкерлері жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру бойынша батальон қызметкерлерімен 70-80 халықаралық және республикалық қатынастағы жолаушылар пойыздары қамтылды. Осы мерзім ішінде Астана қаласына темір жол көлігі арқылы барлығы – 12 млн. 177 мың 797 адам, әуе көліктерімен – 744 мың 448 адам келген.

Іс-шараның өткізілу барысында әуе және темір жол нысандарында 12 781 құқық бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде ұсақ бұзақылық жасағандары үшін – 350, ортақ пайдалану орындарын ластау бойынша – 104, қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін – 1276, темекі тарту бойынша – 810, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін – 1242 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқосу соңында ҚР ІІМ-нің және Департамент бастығының бұйрығымен ауқымды халықаралық маңызы бар шараны өткізу кезінде өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарған 127 көлік сақшысы құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз