Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада Қызылорда облысының мәдени күндері гала-концертпен аяқталды

Бұл туралы Қызылорда обылысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гала-концерт кезінде Халықаралық ғарыш станциясындағы 52-экспедиция экипажымен телекөпір өткізіліп, ғарышкерлер Федор Юрчихин мен Сергей Рязанский Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына ғарыштан сәлем жолдады.

Концертте «Томирис» би ансамблі, жыршы, термешілер – Алмас Алматов, Күнсұлу Түрікпен, қазақ эстрадасының жұлдыздары – Мәдина Сәдуақасова, Рамазан Тайманов, Серік Ибрагимов, «Сыр самалы» вокалды аспапы ансаблі және т.б өнер көрсетті.

Мерекелік шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, қазақстандық зілтемірші, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин, Рио олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков, ақын Елена Әбдіхалықова және Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысының мәдени күндері өткізілген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз