Бүгін Астанада «Қазақстандық туристік өнімді қалыптастыру және жылжыту мәселелері» атты конференция өтті.
Конференцияны Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұйымдастырды деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Конференция барысында жетекші шетелдік сарапшылар, мемлекеттік құрылымдар басшылығы, туристік бизнестің өкілдері және ұлттық компаниялар қатысады. Туризм саласында сапалы қазақстандық туристік өнімді құру, туризмде PR және маркетингтің жаңа стратегиясы, салаға инвестиция тарту, және «Kazakh Tourism» ҰК-ң туристік нарықпен және аймақтармен өзара әрекеттесу мәселелері талқыланады. Конференция барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті тиімді басқару және оны жүзеге асыру механизмдері, сондай-ақ кедергілерді жою шаралары, мемлекеттік реттеуді оңтайландыру мәселелері талқыланды.
Оған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы, АҚ «Ұлттық компания «Kazakh Tourism» Басқару төрағасы Рашид Күзембаев, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, Мемлекеттік жеке-меншік әріптестік және медициналық сақтандыру комитетінің төрағасы Арман Тілеубаев және «McKinsey & Company» басқарушы серіктесі Йохен Бербнер, Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Орталық Азия елдерінің «Trip Advisor» маркетинг менеджері Чад Шивер қатысты.