Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Астанада қазақ мұғалімі біреудің баласына 3 қойғаны үшін жұмыстан қуылды

Бір қызығы, мұғалім сонша оңбаған болса, осы гимназияда бұған дейін 11 жыл бойы қалай тып-тыныш жұмыс істеп келген?

Сөйтсек, Ұмсын апай бір балаға үш деген баға қойыпты.

Гимназияға журналистер жетіп барғанда ондағы басшылар жаман састы. Не айтарын білмей, жағдайды түсіндіре алмай, бәріңді сотқа береміз депті.

Енді мұғалім соттасып жатыр. Жұмысқа қайта тұрғызып, моральдық шығынын өтеуді талап етеді. Сот үш аптадан кейін өтпек.

Мұғалім қатты ашулы. Соңына дейін күреспек.

Өйткені зейнетке шығуына екі-ақ жыл қалыпты. Жұмыссыз қалғаннан қиналып қалғанын да мойындайды.

Енді көрейік, сотта кім жеңетінін?


https://kaz.365info.kz/mygalim-direktor-videoga-tysirip-orynbasary-byjirimnen-tepti-video-263519

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз