Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Астанада KADEX қару-жарақ көрмесі өтуде

Көрмеде Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, Қытай, Нидерланды, Ресей Федерациясы, АҚШ пен Сербия секілді 28 елдің 318 компаниясы көрме экспоненттері ретінде өз өнімдерін назарға ұсынады.

Осы орайда, ұлттық компания «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ аталған көрменің тең ұйымдастырушысы болып отырғанын еске салып өтсек. Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы осы жылы көрме келушілеріне 57 бірлік әскери техника мен әскери және азаматтық мақсатта қолданылатын 162 бұйымды таныстырды. Ал «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» кәсіпорны «KADEX-2018» көрмесінде жаңа дәуір машиналарын, анығырақ айтсақ, дөңгелек формуласы 6х6 және 8х8 құрайтын «Барыс» тобының брондалған көліктері, дөңгелек формуласы 4х4 «Арлан» және «Алан» брондалған көліктерін таныстырды.

Жалпы, осы жылғы көрмеде 10 павильон жұмыс жасап отыр. Оның ішінде, Түркия, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасының 3 павильоны, «Қазақстан инжиниринг», ҰК» АҚ, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг», ЖШС мен «Қазтехнология» АҚ атты отандық кәсіпорындардың жекелеген павильондары бар. Сонымен қатар, осы жылы алғаш рет ғарыш саласына арналған жеке павильон жұмыс жасауда. Павильонда аталған саладағы мамандардың қатысуымен түрлі конференциялар ұйымдастырылып отыр.
Қорғаныс саласындағы бұл көрме 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Сол уақыттан бері көрмеге тұрақты қатысып отырған мемлекеттің бірі – Ресей Федерациясы. Ростех мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін «Ресей қорғаныс экспорты» АҚ да осы жылы өз экспозициясымен келіп отыр.

«Ресей қорғаныс экспорты KADEX көрмесінің дәстүрлі қатысушысы болып отыр. Әркез біздің делегация мұнда өте жемісті жұмыстар жүргізуде. Осы жылы біз Астанада әскери мақсаттағы ресейлік өнімнің 300 үлгісін таныстыратын боламыз. Оның ішінде экспорттық жаңа техникалар да бар. Біздің ұсынған өнімдер Қазақстан мен көрмеге қатысушы мемлекеттер тарапынан лайықты назарға ие болады деп сенеміз», – дейді «РҚЭ» АҚ бас директоры Александр Михеев.

Оның айтуынша, ресейлік бірыңғай экспозицияның құрамында 11 ресейлік холдинг пен олардың құрамына кіретін тағы 18 кәсіпорын бар.

Сонымен қатар, аталған көрменің тағы бір жетістігі – бұл көрме аясында жақын және алыс шет мемлекеттердің бірқатар ұйымдары және компанияларымен әскери-техникалық ынтымақтастық саласында меморандумдар, келісімшарттар мен келісімдер жасауға қол жеткізу.

Осы орайда, ағымдағы жылғы «KADEX – 2018» көрмесі аясында мұндай 50-ге жуық құжатқа қол қойылып, мәміле жасалады деп жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз