Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Астанада интернет арқылы көлік сатып келген алаяқтар ұсталды

Жеңілдетілген бағаға келіскеннен кейін алаяқтар алдын ала төлемді киви-әмиян немесе картаға аударуды талап еткен. Осылайша, сатып алушы келгенше көліктің ешкімге сатылмайтынына сендірген.

Жәбірленушілер алдын ала төлемді аударғаннан кейін алаяқтар хабарландыруды жойып, ұялы телефондарын сөндіріп, сим-картаны лақтырып жібереді», – делінген ІІД хабарламасында.

Қазіргі уақытта ұсталған алаяқтарға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Бірнеше эпизод бойынша алаяқтар 1,5 млн теңгені қалталарына басқан. Астана қалалық ІІД тауарды алмай тұрып алдын ала төлем жасамауға, ондай жағдайда аудиоқоңырау шалуға кеңес береді. Тіпті басқа облыстан көлік сатып алу кезінде сол қаладағы туыстарды немесе достарды көмекке шақырып, тауарды көріп келуді өтіну керектігін ескертеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз