Астана-Лондон авиарейсінде «Астана» шекаралық бақылау бөлімінің жасағы Сирияның екі азаматын ұстады. Олар Болгария азаматы төлқұжатын ұсынған.
Бұл туралы ҚР ҰҚҚ Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Құжаттар ішінара қолдан жасалған. Ұсталғандардың айтуынша, олар өмірлерін жақсарту үшін Ұлыбританияға өтпекші болған», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.