Астанада тұрғылықты мекен-жайы жоқ ер және әйел адамды үсік шалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Орталық темір жол ауруханасы жарақат бөлімінің науқастарды қабылдау бөлмесінің мамандары.
“Бүгін күндіз үсік шалған 45 жастағы ер және 50 жастағы әйел адам түсті. Екеуінің де тұрғылықты жері жоқ. Олар Бірінші қалалық ауруханаға жіберілді”, — деді науқастарды қабылдау бөлмесіндегілер.
Дүйсенбі күні еліміздің солтүстік өңірлерінде температура 45 градусқа дейін түсті. Астанада сынап бағанасы 39 градус суықты көрсетті.
Айта кетейік, Щучье қаласында (Ақмола облысы, Астанадан 241 километр жерде) 38 жастағы ер адам мен 51 жастағы әйел үсіп өлді. Екеуінің де тұрғылықты жері болмаған.