Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Астанада дәстүрлі «Сабантой» халық мерекесі өткізіледі

123

Іс-шараны ұйымдастыруға Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республкасының Өкілетті өкілдігі, Ресей Федерациясының Елшілігі, «Кама-Казахстан» Сауда үйі» ЖШС, «КАМАЗ» Сауда Компаниясы» ЖШС қолдау көрсетіп отыр. Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасының және Татарстан Республикасының белгілі қоғам, мәдениет және спорт қайраткерлері, елордалық және аймақтық этномәдени бірлестіктер өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері қатысады.

«Сабантой» – дәстүрлі халық мерекесі6 ежелден түркі халықтарының күнтізбесіндегі маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Көктемгі егін егу науқанының аяқталуына орай жасалатын ұлан-асыр той, қазіргі таңда мән-маңызы зор мерекеге айналды. «Сабантой» – «жер өңдеу мерекесі» ғана емес, ол халықтың туған тілін, төл мәдениетін, қонақжайлығы мен кішіпейілдігін сақтауға деген талпыныс, түрлі ұлт пен дін өкілдерінің басын қосатын ерекше мейрам. Бұл күннің өзгелерден ерекшелігі сол, онда кез келген адам өзінің туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілігін білдіре алады. Жасампаз еңбегі арқылы отбасының амандығын, елдігін сақтаған адам, жерлестерімен, дос-жарандарымен жылы қарым-қатынасты да сақтай біледі, бағалап, қадірлейді. Бұл мейрамда ауылдың сыйлы ақсақалдарына құрмет көрсетіледі, жастардың күш-жігері мен қайраты сыналады.

Мерекеге келгендер түрлі жарыстарға, ұлттық ойындарға қатысып, татар-башқұрт халықтарының ұлттық дәмдерінен ауыз тие алады. Сондай-ақ, ең мықты деген палуандардың «Көрәш» ұлттық күресін тамашалай алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз