Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астанада бастығы зорлап тастаған әйел зар жылауда

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алмагүл Құсайынова 6 айдан бері әйелдік намысы қорланғанын дәлелдей алмай жүр. Ол басшысының өзіне көз сүзе қарап, қырындап, орынсыз әзілдер айтатынына төзіп келген. Алайда оның соңы зорлауға дейін жететінін білмеген. Егер әйелдерді алымсақтықтан қорғайтын заң болса, зорлықтың алдын-алып, өзіме жәбір көрсеткен бастықты дереу жауапкершілікке тарту мүмкін болар еді -деп қынжылады жалғызбасты келіншек.
https://kaz.365info.kz/iliyas-meni-zorlady-ma-ykhpaj-khaldym-294279
“Ұжымдық отырыстан кейін бастығым мені еркімнен тыс зорлады. Оған дәлел болатын барлық сараптамалардың бар болғанына қарамастан, іс сотқа дейін жетпеді. Жарты жыл болды әділдік таппай келемін. Бұл оқиғадан кейін жұмыстан шығуыма тура келді”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Алмагүл Құсайынова.

Заңгерлердің айтуынша, сексуалды алымсақтық жасау әрекеті көп жағдайда заңның шикілігіне байланысты жазасыз қалатын көрінеді. Әсіресе қылмыскер лауазымды тұлға не шенді-шекпенді болса, оның айыбын дәлелдеу тіпті мүмкін емес -дейді мамандар.

“Факті жоқ, дәлел жоқ, бопсалау деп тартылу керек қой негізінде. Өзінің істеріменен, әрекеттеріменен, егер де сен осындай жасамасаң мен сені жұмыстан шығарып жіберемін немесе бағаңды қоймаймын деп тиседі ғой, түсінесіздер ғой. Сондай жағдайды өте қиын дәлелдеу. Бір де бір іс өткен жоқ”, – дейді заңгер Айман Омарова.
https://kaz.365info.kz/khana-men-lena-khazakh-pen-orystyn-eki-lesbiyankasy-otbasy-khyryp-alypty-foto-video-286165
Жуырда ғана дәл осындай алымсақтық айыбымен Голливудтың ең бір беделді кинопродюсері Харви Вайнштейннің аты шыққан болатын. Роуз Макгоуэн, Гвинет Пэлтроу, Ева Грин, тіпті әлемдегі ең сұлу актрисалардың бірі Анджелина Джоли да өзінің Вайнштейннен сексуалды жәбір көргенін ашық айтқан.

Өзінің лауазымын асыра пайдаланып, ондаған нәзік жандыны қорлап келген кинопродюсер өзі басқарып отырған «The Weinstein Co» компаниясынан қуылған еді.

stan.kz
https://kaz.365info.kz/bastygym-zorlap-tastady-astanalykh-ajeldin-maskhara-malimdemesi-267838

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз