Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Астанада Бас прокуратура ғимараты жанында бір әйел өзін-өзі өртеп жіберді

Кейіннен оқыс оқиға орнына шұғыл әрекет ету қызметтері мен полицейлер келіп жеткен. Ал зардап шеккен әйел қаладағы №1 ауруханаға шұғыл жеткізілген. Дәрігерлер науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын растады.

Әйел соттың шешімімен келіспегендіктен осындай қауіпті қадамға барып, биліктің назарын өзіне аудартпақ болған көрінеді. Оның баласын есірткі үшін соттап жіберген, алайда ана ұлын кінәсіз деп есептейді.

Белгілі болғандай, шамамен сағат 12:00-де арыз берушіні бас прокурордың көмекшісі қабылдаған. Жарты сағаттан кейін бұл кездесу аяқталады. Әйел кабинеттен шығып, үстіне бензин құйып, от қойған.

Полицейлер әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз