Елордалық полицейлер жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында ҚР ҚК 274 бабы (жалған ақпаратты таратқан үшін) бойынша күдікті ретінде Астана қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Бұл факт ҚР ҚК «жалған ақпарат таратқан үшін» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеуіне алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге тиесілі ұялы телефон сим картасымен бірге тәркіленді. Тергеу барысында құрықталған азаматшаның осыған дейін «алаяқтық» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды.