Астанада Еңбекпен қамту орталығына тіркелген 74,3 пайыз жұмыссыз азамат әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды. Бұл деректерді ағымдағы жылдағы бес айдағы нәтиже бойынша Еңбекпен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы келтірді.
Кәсіби дайындық, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында 414 адам оқытылуда.
Еңбекпен қамту орталықтарының деректері бойынша, жаңа жұмыс орнын құру мақсатында мемлекет жол құрылысы, әлеуметтік нысандарды жөндеу сияқты қоғамдық жұмыстарды орындайды. Атап өтсек, «Еңбекпен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында биыл Астанада балабақша, мектеп, аурухана сияқты 55 әлеуметтік нысан жөндеуден өтті. Барлығы, 550 жаңа жұмыс орны құрылады.