Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Астанада 22 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды

Солардың қатарында 22 мың бала «алтын ұя» табалдырығын алғаш рет аттап, бірінші сыныпқа барғалы отыр деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.

Жаңа оқу жылы ата-аналар үшін де қарбалас екені белгілі.

«Екі баланы мектеп формасымен қамтуға 50 мың теңге кетті», – дейді Гүлден Алдабергенова.

Гүлден Алдабергенова, Астана қаласының тұрғыны:

– Үлкен қызым төртінші сыныпқа көшейін деп жатыр. Үш сыныпты жақсы оқып бітірді. Енді ұлым да әпкесіне қарап, жақсы оқимын деп уәде береді. Жақсы оқиды деп үміттенемін.

Биыл елорда мектептерінің табалдырығын 22 мың жеткіншек аттайды. Мамандар жыл сайын Астанадағы оқушылар саны 15 мыңға дейін артып келе жатқанын айтады. Бала санының өсуімен білім ордаларында орын жетіспеушілігі пайда болады. Бұл мәселені шешу үшін қазір елордада жаңадан бес мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның үшеуі биыл есігін айқара ашады.

Әнуар Жанғозин, Астана қалалық білім басқармасының басшысы:

– Мектепте жалпы 2600 орынды қамтитын болады. Биылғы оқу жылының басына дейін дайын болады. Сонымен қатар 10 мектептің құрылысы басталған. Осы мектептерді біз алдағы бір-екі жылдың ішінде іске қосамыз деген ойдамыз.

Жалпы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мектептердің құрылысына Ұлттық қордан 71,7 млрд теңге бөлінді. 26,5 млрд теңге құрылысы 2016-шы жылы басталған мектептерді аяқтауға жұмсалса, 45,2 млрд жаңадан 56 білім ошағын салуға бөлінді. Жалпы елімізде 126 мектеп салынады. Соның 57-і жаңа оқу жылын бастауға дайын.

Жыл соңына дейін тағы отызы есігін ашады. 39 мектептің құрылысы 2018-ші жылы аяқталады. Жаңа оқу жылында 2-ші, 5-ші және 7-ші сыныптар жаңартылған бағдарлама бойынша оқиды. Ал жоғарғы сыныптар химия, физика, биология мен информатиканы ағылшын тілінде оқиды. Елордада үштілділік мәселесін шешу үшін 100 мұғалім арнайы курстардан өтті. Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге 35 мың теңге көлемінде қосымша ақы төленетін болады.

Әнуар Жанғозин, Астана қалалық білім басқармасының басшысы:

– Соған қоса 200-ден аса мұғалім дайын ағылшын тілінде сабақ беруге. Осы жылдан бастап біз тағы 300-ге жуық мұғалімдерді дайындаймыз.

Мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында Астанада алдағы уақытта тағы 30 мектептің құрылысын бастау жоспарда бар. Егер бұл іс қолға алынса, елордадағы мектеп тапшылығы толықтай шешілетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз