Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-14
USD
525
+1.39
EUR
546
-3.47
RUB
5.09
+0.02

Астана процесіне Ресей сарапшылары пікір білдірді (видео)

Сатановскидің айтуынша, Қазақстан астанасында өткен келіссөздер кезінде Сирияда Дейр-эз-Зор қаласындағы қорғаныстағы қауымға ДАИШ содырлары шабуыл бастап жіберді. Оған жауап ретінде алты ресейлік бомбалағыш ұшақ лаңкестік ұйымның нысандарын бомбалап өтті.

“Астана процесі бірнеше форматта өтуде. Біріншіден, ол араға бәрі жиналған жоқ. Бұл бір жағынан жақсы. Өйткені отбасын құрған жігіттер жақсы біледі, қызбен танысуға жігіт барлық туысқанын алып келсе, одан түк шықпайды. Женевада тура солай болды.

Ал қазір Астанада болып жатқан жайт – ерекше оқиға. Кезінде бізде келіссөз тәсілімен азаматтық соғыс жағдайындағы он мыңдаған жауынгерді алып шыққан кез болды. Одан бері мұндайды көрген жоқпыз. Үстел басына екі көршіні – Иран мен Түркияны отырғыздық. Бұл да осыған дейін болған емес. Осының өзі жетістік„ – деді Таяу Шығыс институтының президенті.

Дегенмен Риа Новости агенттігінің хабарлауынша, Ресей делегациясының басшысы Александр Лаврентьев Астана процесінде Сирия билігі мен оппозиция өкілдерінің бір бөлмеде жұптастыру мүмкін болмағанын айтты.

“Дегенмен олар Астана процесінің ашылуына қатысты, бір-бірін тыңдады, бір-бірін айыптайтын мәлімделерден тартынып қалды. Мұның өзі – айтарлықтай көрсеткіш.

“Егер барлық тараптың делегация өкілдері басында қатты қысылғанымен, кейіннен арадағы сенімсіздік селкеуі жойыла бастады”, – деді Лаврентьев.

БҰҰ-ның Сирия бойынша арнаулы өкілінің саяси кеңесшісі Виталий Наумкин Астанадағы сирияаралық келіссөздер ең кемінде оқ атудың доғаруын қамтамасыз етеді, ал асып кеткенде Сирияның біртұтастығын сақтап қалады және Женевадағы саяси процестен шығуға әкелуі тиіс деп атап өтті.

“Бұл процестің мақсаты – Асадпен соғысушы ең экстремистік лаңкестік бөлікті сылып тастау. Бұл – ең алдымен, халықаралық қауымдастықпен лаңкестік ұйымдар деп мойындалған ДАИШ, “Жебхат-ан-Нусра” және “Жунуд әл-Акса”. Міне, осыларды бөліп алып, қалғандарын достастыру керек. Оқ атпау режимін қамтамасыз ету қажет. Бұл бейбіт процестің соғысқа қатыстысы, одан кейін саяси мәселелерді қарау керек болады”, – деді Наумкин “Россия 24” телеарнасында.

Ол бастысы Астанадағы келіссөзге Сирияда қарулы қақтығысқа қатысушы тараптардың қатысып жатқанын, оның ішінде радикальды оппозиционерлер мен исламистер де барын, олардың нақты мәселеге ықпал ететін ескеру керектігін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз