Адамзат қолынан шыққан мыңдаған құрылыстың ішінде біреуі ғана дерттен айықтырып, жүрегіңді тазартатын құдіретке ие.
Бұл үйде адам Жаратушымен тілдеседі. Араб тілінен аударғанда “masdzid”, яғни “мешіт” дұғалар үйі дегенді білдіреді.
“Әл-Ғани” мешіті Астанадағы Шұбар шағын ауданында орналасқан.Мешіт 2006 жылдың 7-ші шілдесінде ресми ашылды.
“Нұр-Астана”мешіті Қатар мемлекетінің шейх Хамад бин Хәлифа әл-Тәнидің қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылды.