Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астана мен Алматы ресейлік туристер үшін танымал қалалар бестігіне кірді

2017 жылдың күзіндегі туристтерге танымал ТМД қалалары:

1. Минск (Беларусия)

2. Астана (Қазақстан)

3. Баку (Әзірбайжан)

4. Ереван (Армения)

5. Алматы (Қазақстан)

6. Ташкент (Өзбекстан)

7. Ашхабад (Туркменстан)

8. Киев (Украина)

9. Кишинев (Молдова)

10. Бішкек (Қырғызстан)

“Бұл рейтинг туристтерді орналастыру құралдарының онлайн-тіркеу жүйесінің мәліметтеріне сараптама жасау нәтижесі бойынша құрастырылды”, — деп түсіндірді агенттік.
ТурСтат мәліметтеріне сәйкес, туристтер Минск қаласына күз мезгілінде орта есеппен алғанда 2,5 күнге келіп, жатар орынға тәулігіне 70 доллар жұмсайды.
Туристтер үшін ТМД көлеміндегі ең арзан қалалар — Бішкек пен Кишинев болса, ең қымбаты — Астана мен Баку.
“Орта есеппен алғанда Астанаға 2 күн, тәулігіне 85 доллар, Баку — 3 күн, тәулігіне 78 доллар, Ереван — 3 күн, тәулігіне 67 доллар, Алматы — 3,5 күн, тәулігіне 65 доллар, Ташкент — 2 күн, тәулігіне 43 доллар, Ашхабад — 3 күн, тәулігіне 40 доллар, Киев — 2 күн, тәулігіне 56 доллар, Кишинев — 1 күн, тәулігіне 35 доллар, Бішкек — 1 күн, тәулігіне 32 доллар”, — деп көрсетті агенттік.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз