Астана ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Мелдебеков А. 23 маусым күні үш миллион теңге пара алу кезінде ұсталды.
Шенеунік тексеру бойынша жағымды акт жазып бергені үшін пара алған. Күдікті бас мамандардың қатысуымен пара алудың қылмыстық схемасын жүйелі негізде ұйымдастырыпты.
Қызметтік кабинеті мен мекенжайын тінту барысында 54 миллион теңге мен 120 мың АҚШ доллары тәркіленді. Мелдебеков А. Астана Ішкі істер департаменті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот алды тергеу жүргізілуде.