Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-6
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Астана халықаралық форумына бес мыңнан астам қонақ келеді

Салыстыра кетсек, 2024 жылы осы кезеңде 4 жұлдызды қонақүйлердің толуы 30-60%, ал 5 жұлдызды қонақүйлерде 50-60% аралығында болған еді.

Сарапшылардың есебінше, бір шетелдік іскер турист Астанада орта есеппен 177 мың теңге жұмсайды (оған тұру, тамақтану, такси, ойын-сауық және шопинг шығындары кіреді), ал қалада болу ұзақтығы шамамен 3 күнге созылады.

Шетелдік қатысушылардың келуі есебінен форум Астана мен ел экономикасына 2,6 миллиард теңгеден астам мультипликативтік әсер береді деп болжанып отыр. Бұл Астанада осындай ауқымды халықаралық іс-шараларды өткізудің маңызын тағы бір дәлелдейді.

Astana International Forum биыл 2025 жылғы 29-30 мамыр күндері өтеді.

Форумның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, бас демеушісі – «ERG Көмек» корпоративтік қоры. Ресми банк – «Фридом Банк Қазақстан» АҚ. Сондай-ақ, форумды қазақстандық ірі кәсіпорындар мен компаниялар қолдап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз