Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астана әуежайына жаңа үлгідегі Boing ұшағы қонды

Заманауи лайнерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі 2018 жылдың 31 наурызында Шымкент халықаралық әуежайындағы SCAT әуе компаниясының базасында өткен болатын.

Ал бүгін, 2 сәуірде жаңа Boeing 737 МАХ 8 ұшағы Шымкенттен Астанаға бірінші тұрақты рейсін орындады.

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында жаңа лайнерді Үкімет және ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстан авиация саласының басшылығы, ҚР Парламент депутаттары және шетелдік елшілер қарсы алды.

Мамандардың пікірінше, жаңа лайнер Еуропа мен Азия арасындағы Қазақстанның географиялық орналасуының оңтайлы жағдайын қолдана отырып, ішкі және транзиттік бағыттарды дамыту үшін SCAT әуе компаниясының ұзақ мерзімді стратегиясына толық сәйкес келеді.

Сонымен қатар, аталмыш әуе компания Шымкент әуежайын оңтүстік хаб ретінде дамытуды жоспарлап отыр. Бұл өңірдегі әуе көлігі және көлік саласын ғана емес, Қазақстанның экономикасын одан ары дамытуға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз