Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Әскерилер жеңілдетілген несиеге пәтер ала бастады

Енді қоныс тойын тойлаушылардың алғашқы легі, 64 әскери қызметкердің отбасы жеңілдетілген несие алды. Жеңілдетілген несиелер жинақ сомасы мен баспана санаты бойынша үш түрге бөлінеді екен. Мысалы, пәтер құнының небәрі 5 пайызына тең келетін алғашқы жарнасы бар әскери қызметкер жылына 7 пайыздық несие ала алады. Қолында пәтер құнының 20 пайызына тең келетін отбасылар үшін несиенің сыйақысы жылына 6 пайызға дейін төмендейді. Бірақ ондай несиеге алынатын жаңа пәтерлер тек қана пәтер салушы компаниялардың қолынан сатып алынуы тиіс. Ал егер де әскери қызметкер қайталама нарықтан ескі баспана сатып алғысы келсе, ол алғашқы жарна ретінде пәтер құнының 20 пайызын төлеп, жылдық сыйақысы 8 пайызды құрайтын несиеден үміттене алады.

Айтпақшы,

статистика бойынша, әскери қызметкерлердің көпшілігі қайталама нарықтан пәтер алуға көбірек қызығатын көрінеді.

Одан кейін әскерилерді қызықтыратыны жаңағы алғашқы жарнасы 5 пайыздық несие екен.

Осындай «Әскери» атты өнімнің арқасында Атырау облысындағы «отан қорғаушылар» жеңілдетілген несие алуға өтініштер білдіріп жатыр. Айта кетсек, қазірге дейін облыс бойынша әскери қызметкерлердің тең жартысының басында баспана жоқ.

Осы баспанаға жеңілдетілген несие беретін жаңа өнімнің пайда болғаны дұрыс болды. Менің көптеген әріптестерім пәтер алып, өзі мен өзінің бала-шағасын үй-жаймен қамтамасыз ете алатын болды. Айталық, менің бірге істейтін әріптестерімнің тең жартысы құжаттарын өткізіп қойды, осы бағдарламаға. Үй алғысы келеді. Мен де үй алғым келеді. Қазір құжат жинастырудамын. Соңғы құжаттарым қалды. Жалпы, қажетті құжаттарды жинау да соншалықты қиын емес екен. Болашақта осы жобаның арқасында жаңа үй аламын деп үміттенемін. Біздің мемлекет әскери қызметкерлерді қолдауға барлық жағдай жасап жатыр. Мысалға айтайын, әскерилер еңбек өтілі мен наградаларына байланысты қосымша премиялар алып тұрады қазір. Ал енді өз пәтері барлар да мына коммуналдық қызметтердің ақшасын төлеу кезінде жеңілдіктер ала алады,

– дейді Атыраудағы әскери бөлімшелердің бірінде қызмет ететін жігіт ағасы, екі баланың әкесі Оразбай Татаханов. Баспана алу оның көптен бергі арманы екен. Құдай қаласа ол арманына жетіп те қалатын сияқты. Өйткені ол алғашқы жарнаға қажетті қаражатты жинап, сыйақысы төмендетілген ипотекалық несиеге пәтер алуға барынша қамданып отыр.

Ал Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің заңгері Алена Ватутинаның айтуынша, жеңілдетілген ипотекалық несие ғана емес, Қазақстанда әскерилерге басқа да көптеген әлеуметтік жеңілдіктер бар.

Бізде әскери қызметкерлердің медициналық жағынан қамтамасыз етілуі толықтай мемлекет есебінен жүргізіледі. Содан соң жергілікті атқарушы органдардың әскери қызметкерлердің балаларын мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезексіз қабылдауына көмектесетін де арнайы жеңілдік бар. Мұның бәрі іс жүзінде жасалып жатқан таза көмек емес пе? Өздеріңіз білетін шығарсыз, Қазақстан бойынша әскерилердің отбасына тағы тұрғын үй төлемдері жасалады. Мысалы, қазіргі күні Атырау облысы бойынша әрбір отбасының бір мүшесі ай сайын 29 мың теңгеден тұрғын үйлік төлем алады. Ал Қазақстандағы мынау жеңілдетілген несиемен баспана беретін жаңа бағдарламаның арқасында 60 мыңдай әскери қызметкер көптен күткен пәтерлеріне жеңілдікпен қол жеткізе алады,

– дейді Атырау облыстық қорғаныс істері департаментінің заңгері Алена Ватутина.

Айта кетсек, Қазақстанда қорғаныс саласына жұмсалатын қаражат көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. Мәселен, биылғы жылы ҚР Қорғаныс министрлігін қаржыландыруға мемлекеттік қазынадан 517 миллиард теңгеден астам ақша жұмсалды. Оның ішінде бұл қаражаттың негізгі бөлігін салалық ведомтсво алады, қалғанын – 43 миллиард теңгеден сәл астам қаражатты ҚР Ішкі істер министрлігі алады. Бұл қаражатты ҚР Ішкі істер министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жоюға жұмсамақ. Ал, ресми деректерге сәйкес,

2020 жылға қарай қорғаныс саласына жұмсалатын қаражат сомасы 667 миллиард теңгеге жетеді, деген жоспар бар.

Мамандардың айтуынша, бұл саланың шығындарының көбеюі діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты болмақ. Бірақ ең бастысы, сонымен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен еліміздегі әскери қызметкерлердің қызметтік жалақыларына да ұдайы көтеріліп келеді.

Әскери қуаты бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан қазір 50-інші орында тұр. Шүкір дейік, Әзірбайжан мен Түркіменстан сияқты мемлекеттерден көп жоғары екенбіз. Бұл рейтингке 136 мемлекет қатысқанын, үздік үштікте Америка Құрама Штаттары, Ресей мен Қытай тұрғанын да айта кетуіміз керек. Бұл дегеніміз, Қазақстанның іс жүзінде қазіргі заманның тәуекелдері мен қауіп-қатерлеріне қарымта ретінде тойтарыс беруіне әскери әлеуеті әзірге жеткілікті. Мобильді, шапшаң, заманауи қару-жарақпен жақсылап қамтамасыз етілген 75 мың адамдық армиямыздың өзі үлкен күш болып табылады, олар кез-келген сәтте кез-келген жағдайға шұғыл жауап қайтаруға сақадай сай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз