Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

“Әскерилер көтерілді…”. Серж Саргсян Армения үкіметін тастауға мәжбүр болды

Бұл жағдайды шешудің бірнеше жолы бар, бірақ оның ешқайсына бармаймын. Бұл менің жолым емес. Еліміздің басшысы қызметінен кетемін”, – деп келтіреді Саргсянның сөзін баспасөз қызметі.

Осыдан кейін ол барлық азаматқа, наразылық акциясына қатысушыларға, офицерлерге, сарбаздарға және партияластарына былай деп үндеу жасады:

“Көше” қозғалысы менің бұл қызметте болуыма қарсы, мен осы талабын орындаймын. Елімізге бейбітшілік, келісім және логика тілеймін!”.

Саргсянның Армения премьері болып сайлануына қатысты акциялар 13-сәуірде басталған еді. Саргсян 2008 және 2013 жылдары президент қызметіне екі рет сайланған. Оппозиция оны тиімсіз ел басқарды және экономикалық жағдайды құлдыратты деп айыптады. 17 сәуірде оппозиция “барқыт революциясын” жариялады. Наразылыққа қарамастан Армения парламенті сол күні Саргсянды министрлер кабинетінің басшысы етіп сайлады. Ал оның алдында конституцияға премьерге кеңейтілген құзырет беретін өзгерістер енгізілген еді.

Оппозиция лидері Никол Пашинян мен Саргсянның келіссөзі үш минутқа ғана созылып, нәтиже бермеген еді. Премьер-министр оппозиционердің әрекетін бопсалау деп айыптап, оған құқықтық алаңға оралуға кеңес берген.

БАҚ мәліметінше, 23- сәуірде наразылық акциясына ондаған әскери қосылған. Олардың бірі журналистерге берген сұхбатында “әскери қызметте жүргенін” мәлімдеген.

Әскерилердің қолында қаруы жоқ, бұдан артық жағдайды олар баяндамаған. Өз кезегінде елдің қорғаныс министрлігі әскерилердің оппозиция митингіне қатысуын айыптап, әскери бөлімнен өз бетімен кетіп қалғандарға қатысты “шара қолдануға” уәде берген еді. Ведомство өкілдері әскерилер ел конституциясы мен заңдары әскерилердің кез келген жиынға қатысуға шектейтінін ескерткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз