Есет Есенғараев өзінің facebook-тегі парақшасында пандемия кезіндегі әсіре діншілдік туралы пікірін білдірді.
Бүгінде біз биологиялық вирус эпидемиясын ғана емес, зияткерлік вирусты да бастан кешіріп отырмыз. Соңғысы санаға үздіксіз әсер етеді. Сондай-ақ оның ауық-ауық ушығып кететін қасиеті бар.
Эпидемия кезінде бұрындары конспирологияға жақын болған (қастандық жасауға — ред.) адамдардың миы одан ары күрт қабынып кетеді
Сондай-ақ, діни неофиттердің гигиеналық нормаларды сақтау туралы талаптарды елемейтінін байқаймыз. Дұғалар мен сүрелер оқитын, олардың күшіне сенетін шын діндарларға вирус жұқпайды деп есептейді. Сондықтан олар бұқарамен бірге дұға қылуды шектетпеу керек, керісінше коронавирусты жеңу үшін көбірек адаммен бірге отырып тілек тілеу керек дейді.
Гигиеналық нормаларды елемейтін діншілдер өздеріне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қауіп төндіреді. Белорусь дін қызметшісі және теологы Сергей Лепин сақтану шараларына қатысты дін жолындағы адамдарға өте жақсы кеңес берді.
Біріншіден, ол діншілдер рухани тазамын деген жаңылыс пікірден ада болуы керек дейді
Екіншіден, кейбір діншілдер өздерінің сенімі берік және әулиелердің қатарына өттім деп есептегеніне қарамастан, басқаларды өзіңізбен салыстырудың қажеті жоқ. Барлығы бірдей сіз секілді «әулие» емес қой.
Ғалымның пікірімен толық келісемін, діншілдерді де, басқаларды да әсірешілдіктен алыс болуға шақырамын. Әрине, ең алдымен діншілдер қарапайым болуы керек. Барлық дін оны жақтаушыларды қарапайым болуға шақырады. Алайда діншілдердің көпшілігі басқа талаптарды орындаса да, әсірешілдіктен арыла алмай жүр. Ал
эпидемия кезінде қарапайымдылық адам бойындағы көркем мінездерді көрсетіп, діншіл адамның да, оның айланасындағылардың да қауіпсіздігін арттырады