Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ашығын айтайын…”. Министр Қытай туралы үрейлі видеоны кімдер таратқанын айтты

211

Сөйтсе Қытайдағы Қазақстанның елшілігі алдында қаптаған қытай оркестрдің адамдары болып шықты. Мұны Ақпарат министрі Дәурен Абаев “Открытый Диалог” бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

“Қытай оркестрі ғой, біздің елшілікке виза алуға келген. Бірақ сол кезде біздің Президентіміздің Қытайда болған күндерінің бірі болады.

Әрине, елшіліктің басым бөлігі мемлекет басшысының ресми сапарына байланысты абыр-сабыр болып жатады. Сөйтіп, ол орекстр адамдарына уақыт болмай, уақытша кезек пайда болған.

Сол оқиға видеоға түсіп қалған. Әйтпесе басқа күндері Қытайдағы біздің елшілік алдынан мұндай кезекті көрмейсіз”, — дейді Дәурен Абаев.

Бұдан бөлек Дәурен Абаев „Қытай жаман„ дегенді санамызға сіңіру кімге керек екенін де айтты. Министрдің айтуынша, оны таратушылар жалған аты-жөндерді жамылады. Себебі ақпарат негізсіз, өтірік.

https://kaz.365info.kz/zhykti-khazakh-ajeli-khytaj-tyrmesinen-khazakhstanga-khashyp-keldi-298696

Бұл арадағы мақсат біреу. Қорқыныш, үрей туғызу. Неге? Өйткені екі ел тым жақындасып кетпесе екен деп тілеушілер көп. Қытай инвестициясын қызғанушылар көп. Ал одан Қазақстан ұтпаса ұтылмайды.

Мұны министр былайша түсіндірді:

„Бұл арада көп дүниеге тоқталуға болады. Бірақ мен мына бір нәрсені ғана мысал еткім келеді.

Мәселен, кеше ғана қос палатаның отырысында Үкімет басшысы: „Бүгіндері Қазақстан Қытайға 150 млн доллардың ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттайды„ деп айтты. Ал Елбасының сапары кезінде қол жеткізілген келісімшарттардың арқасында ол 1 млрд долларға артпақ.

Қытай Қазақстанның санитарлық және эпидемологиялық құжаттарын мойындады. Көрдіңіз бе, 150 мың доллар мен 1 млрд доллардың арасында айырма бар ма? Бар, әрине. Жер мен көктей ғой.

https://kaz.365info.kz/mynau-khytaj-goj-talgarda-maskhara-toj-bolatyny-ras-pa-foto-320108

Осы ақшаның бәрі, ең алдымен, ауылға, ауылшаруашылығымен айналысатын шаруалардың қолына келіп тиеді. Ет, сүт өндіретін, бидай өсіретін. Барлығының жағдайы жақсарады.

Бұл – біріншіден.

Екіншіден, тағы баса назар аударатын нәрсе, Елбасының Қытайға сапары кезінде ШЫҰ жиынында қабылдаған Циндао декларациясы. Бұл декларация бойынша 17 бағытта Қытаймен әріптесіп жұмыс істейміз.

Лаңкестікпен, есірткі тасымалдаушылармен күрес дегендей. Бұл бір мемлекеттің шамасы жетпейтін нәрсе. Ал бірлесе әрекет етсек, бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі жемісті болады„.

https://kaz.365info.kz/khara-khytaj-khaptap-edi-zhalanashkol-shajkhasy-turaly-ne-bilemiz-310085

Әрине, инвестиция салған ел тұрақтылыққа көз жеткізгісі келеді. Ал сол тұрақтылықтың нығая түсуіне қосымша күш жұмсаса, бұл да Қазақстан үшін игі іс болары сөзсіз.

Айта кетелік, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев маусым айында мемлекеттік сапармен Қытайға барған еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз