Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Асхат Садырбай алғаш рет бұрынғы әйелі Ерке Есмахан туралы айтты

677

https://kaz.365info.kz/balamyz-yshin-ashat-sadyrbaj-erkemen-khajta-khosylatyn-boldy-274420

Зейін деген ұлымыз бар. Болашақта ағасы Мүсіліммен жақсы араласады деген үміттемін. Қазір кішкентай ғой.  Жақындығы жоқ. Зейін – 1,5 жаста, Мүсілім 6-ға енді толады. Олар еркін, өздерінің бастарын алып жүрсе екен деймін. тәрбиеде басты бағдар ұстанатыным осы. Өз-өзін алып жүретіндей еркін өссе деймін. Олардың қаны бір. Сондықтан бір-бірінен екі ұлым алыстамайды деп ойлаймын»,-дейді журналист Асхат Садырбай.

Сондай-ақ ол Ерке Есмаханмен арадағы қазіргі қарым-қатынасына да тоқталды.

 «Еркемен араласамын. Келіншегім Айғаным мені қызғанбайды. Себебі Ерке өз алдына кеткен адам. Сүйген жігіті де бар шығар. Оған бақыт тілеймін. Өзіне де ол пейілімді айттым. Ортамызда бала бар. Сол үшін араласамыз.

Еш айқай-шусыз тарастық деп айта аламын. Себебі бұл жағдай қаншама жыл бұрын болған дүние. Оған еш ренжімеймін. Ренжісем де кешіре саламын.

Әйелдердің табиғатына қарсы тұруға болмайды. « Тел өскен ұл» деген фильм бар. Ауылдың орыс жігіттерімен қаладан келген жігіттер қыздармен билиді. Жігіттер сол кезде ауылдың қыздарын қызғанып, төбелесе бастайды.

https://kaz.365info.kz/oj-symdykh-aj-ajelim-ashat-sadyrbajdy-andidy-eken-266538

Сол кезде қыз келіп екеуінің де бетінен салып-салып жіберіп «Қойсаңдаршы болды» деп кетіп қалады ғой. Сол кезде «Ештеңе етпейді. Қыздардың бізді ұрғаны майдай жағады» дейді.

Сол сияқты ғой. Әркімнің басына көтере алатын сынақ беріледі. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұдан да қиын сынақта жүрген кісілер де бар. Сондықтан менің өміріме еш өкпем жоқ.»,-деді Асхат Садырбай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз