Еуразия бірінші арнасында жүргізілетін “Қалаулым” бағдарламасына қатысты жағымсыз пікірлердің қарасы артпаса, кемімейді. Бірде қатысушылардың актер екендіктері дәлелденсе, бірде өз былықтарын өздері ашып қойып жатады. Аталмыш бағдарламаға өз ойын Сәкен Майғазиевтің анасы да білдірді.
Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
Жазбаны өзгеріссіз ұсынып отырмыз:
– Уағалейкумәссәләм,
Қолыңды алам,
Сүйдім балам…
– Аман-есен асыл отанымыз, әсем Алматыма жеттім. Денсаулығыңыз қалай?
– Әу, Әләу? Әй, ана “Қалаулымды” жәй қойшы…
https://kaz.365info.kz/khalaulym-bagdarlamasynyn-otirigi-shykhty-asha-mataj-endi-ne-ister-eken-video-287627
– Мә-ә-ә, мама, өткенде ғана “Сәкентай-ау, ана Аша қарындасыңмен күнде бірге жүрсің ғой, менің сәлемімді айтшы. Әнебіреу “Қалаулым” деген бағдарлама не сұмдық?! Ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шығып жатқандардың ата-әжесі, әке-шешесі, жақын-жұрағаты ұят болады деп айтпай ма? Жастарға не өнеге бермекші?!”, деп маған ұрсып а(лы)п, өзіңі-і-із көруден жеріп отырғаныңыз қалай?
– … Ей, анау, әлгі… Сонымен, айттың ба Ашаға?
– Иә, мама, олар өздері де үнемі қоңырау шалып, қатысуымды өтінеді. Бас тартып жүрмін. Бота (Аша) бағдарламаның жүргізушісі, әлгі боқтап сөйлейтіндер (туған-туыстары ұрыспайтындар) актерлер. Халықтың назарын аудару мақсатында жасалған аталмыш арнаның айласы екенін айтып ем ғой. Сіздің сөзіңізді жерге тастамайын деп, “Қалаулым” ұжымына xабарласқам…
– Ым?
– “Мақсатымызға” жеттік, көрермен жинадық, енді жастарды жақсылыққа жұмылдыратын боламыз деп жұбатты, мама. Шақырса бара берейін бе?
– Өзің біл, балам.
– Негізі, барлық бағдарламаға сіз көрсін деп барам ғой, анашым. Ел боламын десең экраныңды түзе!”,- деп жазған анасы екеуінің арасындағы диалогты қаз -қалпында берген әнші.
Әнші сөзінің дәлелі ретінде “Қалаулым” жобасының қатысушылар актер екендіктерін әшкерелеген видеоны ұсынсақ:
https://kaz.365info.kz/asha-matajdyn-tikelej-efirde-maskharasy-shykhty-video-287270
Сәкен ағамыздың анасымен қосылатындар көп. Оны жазба астында қалдырған пікірлерден-ақ байқауға болады. Ел өтінішінен соң, “проблеманы” ақпарат министрі Дәурен Абаев шешіп көруге уәде етті. Енді әліптің артын бағалық…