Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
7
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Аша Матай тікелей эфирде отырып жылап, не істерін білмей қалды

«Қалаулым» бағдарламасының ең сүйкімді жұбы атанған Шынар мен Исламның айырылысуы бүкіл залдың көңілін түсіріп тастады. Тіпті бағдарлама жүргізушісі Аша Матай жұмысын ұмытып, көз жасына ерік берді.

«Мен өзім екеуіңіздің айырылысқаныңызды түсіне алмай отырмын. Осыған дейін бір-бірін ұнататын, сүйетін жандар нақты сіздерді бірге болады деп ойлаған едім. Бір-біріңізді кешіре алмайтындай не болып қалды. Тіпті менің анам арнайы хабарласып «Исламмен сөйлесші, Шынар екеуінің махаббатын сақтап қалсын» деп тапсырған еді. Сене алар емеспін, сіздер бірге болсаңыздар бақытты болатын сияқтысыздар»,-деді бағдарлама жүргізушісі Аша Матай.

Ал Ислам Шынар сыйлаған сақинаны өзіне қайтарып берді. Әрі осы қарым-қатынасқа орай ештеңе айтқысы келмейтінін жеткізді. Халық Ислам мен Шынардың махаббаты тойға ұласады ма деп жүрген кезде сақина салудан әрі аспай қалды. Шынар әлі де Исламды сүйетінін білдірді. Дегенмен онысынан түк шықпайтынын білген бойжеткен тек көз жасына ерік берді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз