Аша Матай кезекті рет оқырмандарын ойлантып қойды. Әнші өз парақшасында “өмір жалғасады” деп екіұшты жазба қалдырды.
Айта кету керек, соңғы кездері Аша Матай мен Арман Қоңырбаев бірге түскен суреттерін салмай кетті. Әншінің парақшасы тек өзі мен қызының суреттеріне толы.
Ал жақында ол үш жасар Асылымды алып, демалысқа аттанған. Арман жанында көрінбейді.
Өмір жалғасады… Өмір болғасын аштысы мен тәттісі қатар жүреді.
Сеніміңді сыйлаған жаннан сатқындықты да көрерсің, адам аттыдан көңілің де қалар, бірақ ешқашан сеніміңді жоғалтпа себебі өмір жалғасады…
Тығырыққа тіреліп шығу жолын таппауың мүмкін, бүкіл әлем саған қарсы тұрғандай болса да, күресіңді тоқтатпа себебі өмір жалғасады…
Сүрінерсің, сен сүйген жан сені сүймеуі мүмкін, бақытты бар жаныңмен аңсасаң да, сені түсінетін адам бұл өмірде жоқ болып көрінсе де, қорықпа, жүрегіңді ашық ұста, өйткені өмір жалғасады…
Жаңа күн жаңалығымен келеді сенесің бе?! Бұның бәрі бір кездесуден, бір көзқарастан, бір сәтте өзгеріп шығады.
Бақытқа да бөленерсің, жетістіктерге жетерсің, бір мезетте өзіңді әлемдегі ең бақытты адам боп сезінерсің. Бірақ сонда да ұмытпа… Өмір жалғасады”, – деп жазды әнші өз парақшасына.
Естеріңізге сала кетейік, Арман Қоңырбаев пен Аша Матай осы жылдың көктемінде “Ау, жаным” әніне бірлескен бейнебаян шығарды. Ерлі-зайыптылар ажырасу шегінде тұрған сүйіктілердің рөлін сомдады. Бейнебаянның жарнамасы үшін әртістер қарым-қатынасын үзгендей болып, елді дүрліктірген болатын.