Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Әсет Исекешев ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты

Жиынға Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян, Белорусияның Қауіпсіздік Кеңесі Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Рыскелди Мусаев, Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев, Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзода және ҰҚШҰ Бас хатшысы С.Зась қатысты.

Кездесу барысында қауіпсіздік кеңесінің хатшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ҰҚШҰ-ның қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Әсет Исекешев әріптестерін ҰҚШҰ қызметінің маңызды бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етіп, еліміздің мүдделерін ескере отырып, Ұйымды одан әрі үйлесімді дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.

Жиында халықаралық терроризм, киберқылмыс, есірткінің заңсыз айналымы сияқты сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимылдың практикалық шараларына ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар Ұйым шеңберінде өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойды.

Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысын 2021 жылдың төртінші тоқсанында, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында Душанбе қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз