«Егер Қазақстанда 35 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерлер «желілік маркетинг» деп аталатын дамудың MLM қағидатын пайдаланатын болса, жыл өткен сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді. Алайда, өздерін желілік маркетинг ретінде көрсететін компаниялар да бар, шын мәнінде бұлар қаржылық пирамидалар немесе баюдың жолдары. Дәл осылар барлық саланың абыройына нұқсан келтірп отыр», – деп бастады әңгімесін бизнестің заманауи трендтерінің бірі туралы кәсіпқой маркетолог-стратег, медиа-агенттіктің негізін қалаушы әрі университет оқытушысы Әсел Алдабергенова.
Әсел Лондон бизнес және қаржы мектебінің «Digital Marketing Strategy» мамандығы бойынша магистратура бітірген. Ол 15 жыл бойы халықаралық және отандық компаниялар үшін табысты маркетингтік стратегиялар әзірлеп, сәтімен жүзеге асырып келеді. Маман көбінесе сараптамалық жұмыстарға көңіл бөледі. Оның кәсіби саласындағы зерттеу нысандарының бірі қазақстандықтар арасында екіұшты беделге ие «желілік маркетинг» (MLM) болып отыр. Ендеше кәсіби маман біздің басылымға осының Қазақстан мен әлемдегі даму келешегі туралы баяндап берді.
Әсел осы саладағы клиенті – Қазақстандағы ірі компанияның бірі үшін бірқатар аудиторлық талдаулар жүргізіп, қазіргі таңда Қазақстанда желілік маркетингті дамытуға қолайлы жағдай туып тұрғанын анықтаған.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда желілік маркетингті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптасып тұр. Осы орайда бірнеше факторды атап өте аламын: экономикалық тұрғыда өсудің жоғары қарқыны, жергілікті халықтың болмысының ерекшеліктері мен желілік сату саласындағы құқықтық реттеудің жеткілікті деңгейі. Дүниежүзілік тікелей сату қауымдастығының деректеріне сүйенсек, Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағында желілік маркетинг бойынша көшбасшылардың біріне айналған. Өнімдерді осы әдіспен өткізу схемаларына 1,5 миллионға жуық адам тартылса, оның 35 мыңнан астамы ресми тіркелген кәсіпкерлер. 2019 жылдан беріде ғана тікелей сатылымның біртіндеп өсіп келе жатқаны байқалса, Қазақстандағы желілік маркетинг арналары арқылы сатылымның жалпы көлемі жуырда 425 миллион долларды құрады.
Желілік маркетинг стратегиясы өз өнімдерін сату үшін денсаулыққа арналған өнімдер мен ББҚ, парфюмерия мен тұрмыстық химия өнімдерін, сондай-ақ тұрмыстық заттар мен аксессуарлар шығаратын әлемдік жетекші өндірушілердің үрдісін қабылдады. Осы деректерді қаперде ұстайтын болсақ, 2023 жыл сапалы өнім шығаратын ондаған, тіпті жүздеген отандық компаниялар үшін өзіндік сынақ болмақ. Біздің елімізде барлық салада әлеуеті үлкен және жақсы өнімдік желісі бар кәсіпорындар мен компаниялар жеткілікті және оларға бизнесті нығайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қазақстандық нарықта танылып, халықаралық нарықтарға да шығып, және оның ауқымын кеңейтудің тиімді әдісі ретінде желілік маркетинг стратегиясын пайдалану ұсынылады», – дейді маман.
Көрсеткіштерге көз жүгіртетін болсақ, желілік маркетингтің әлемдік нарығы жыл сайын 2% өсіп отыр, ал онымен айналысатын адамдардың саны 100 миллионнан асқан. Бүгінде АҚШ-та 500 000 миллионер болса, оның 20%-ы өз байлығын желілік маркетингтің арқасында жасаған. Мұндай қарқынды өсу Қазақстанда да байқалса, бұл косметика нарығында белсенді жүріп жатыр. Елдегі осынау үрдіс Қазақстанда тікелей сатылым қауымдастығы құрылған 2010 жылдан бастау алады.
«Бүкіл әлемде кәсіпкерлікке құлшындырудың үлгісі өзгергені байқалады. Осылайша, клиентті ілгерілету стратегиясын іске асыру шеңберінде өзім жүргізген талдауларға сәйкес, бес жыл бұрын желілік құрылымдардағы жұмысты ынталандыру өлшемдері рейтингінде «тауарларды арзан бағамен сатып алу» мен «қосымша табыс табу» алдыңғы қатарда тұрғаны анықталды. Енді тауар таратушылар үшін «кәсіби дағдыларды меңгеру», «өз кәсібіңді ашу» және «икемді жұмыс уақыты» басымдыққа ие болып отыр. Қазіргі адамдар тіпті азырақ пайда табуға да дайын, бірақ сонымен бірге өздеріне ұнайтын нәрсемен айналысқысы келеді. Ал ынталандырушы факторлар тізімінде «тәуелсіздікке» ұмтылу бірінші орынға шықты. Бір қызығы, ең танымал екінші фактор іскерлік дағдыларды меңгеру», – дейді маркетолог.
Әсел Алдабергенова желілік маркетингті алаяқтық бизнестен қалай ажыратуға болатыны туралы кеңес береді.
«Желілік маркетинг туралы таптаурын түсінік бар – талай адам бұл пирамида схемасы деп ойлайды да, және осы жұртты шатастырып отыр. Кейбір ұқсастықтарға қарамастан, екі модельде негізгі айырмашылықтар бар екенін түсінген жөн. Біріншіден, желілік маркетинг заңды және тиімді құрал болса, қаржылық пирамида заңсыз әрі алдамшы әдіс болып табылады.
Желілік маркетинг – бұл тәуелсіз тарату тобын дамыту желісі арқылы нақты өнімдерге немесе қызметтерге негізделген сату стратегиясы. Әрбір дистрибьютордың өз дистрибьюторлар желісін құруға және тек өзінің сатқанынан ғана емес, сонымен қатар желі ішіндегі сатылымнан үлес алуға мүмкіндігі бар. Қаржы пирамидасы – жаңа қатысушылардың ақшасын бұрын қосылған қатысушыларға нақты тауар немесе қызмет түріне негізделмеген төлем жасау үшін пайдаланылатын заңсыз қаржылық әдіс. Олардың жұмыс қағидасы нақты қызмет көрсетпестен жаңа адамдарды тартуға құрылған. Саналы шешім қабылдап, заңсыз әрекеттерге жол бермеу үшін осы екі айырмашылықты ажырата білу маңызды», – дейді медиа-агенттіктің негізін қалаушы.
Жұрттың көпшілігі түрлі себептерге байланысты желілік маркетингке теріс қарайды. Мұның бірі – нарықта MLM компанияларының дұрыс орналаспауы десек болады, яғни дистрибьюторлар нақты тауарлар мен қызметтердің сатылуына емес, жаңа мүшелерді тартуға көңіл бөледі. Сондықтан компанияның басты мақсаты – тұтынушыларға құндылықтар ұсыну емес, пирамида құру сияқты әсер қалдырады. Қазіргі таңда нарықта желілік маркетинг аясында өз қызметін заңды және этикаға сай жүргізетін компаниялар көптеп табылады. Сондықтан тұрғындар нақты өнімдері мен қызметтері бар компанияларды таңдаған кезде олардың ұсыныстарын егжей-тегжейлі зерттеп алғандары жөн.
Желілік маркетингтік артықшылықтары да бар:
Соңғы жылдардағы әлемдегі оқиғалар компаниялар өз тауарларын өз бетінше өндіруге ұмтылу қажеттігін көрсетіп берді. Сондықтан желілік маркетинг әдісі арқылы сапалы тауарлар таратылады. Өйткені, беделі нашар өндіруші нарықта ұзақ тұрақтай алмайды. Желілік компаниялардың үлкен артықшылығы – олар орасан шығындарға жоламайды.
Оларға сауда нүктелерінің желісін құру оны ұстап тұру, ауқымды жарнамалық науқандар жүргізудің және жоғары жалақы алатын менеджерлердің үлкен штатын ұстаудың қажеті жоқ. Бұл жұмысты тәуелсіз дистрибьюторлар атқарады.
«MLM-индустриясын дамыту үшін Қазақстан нарығының келешегі зор және қолайлы болып тұр. Бұл үдеріс сыртқы нарыққа шығуды қалайтын біздің жергілікті өндірушілердің ауқымын кеңейтіп, дамыту үшін тамаша алаң бола алады. Осы индустриядағы табыстың ең басты өлшемі – қазірдің өзінде біздің еліміздің зауыттары мен фабрикаларында шығарылатын сапалы тауарларды ұсыну», – деп қорытындылады сөзін Әсел Алдабергенова.