Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

«ASAR» форумы шеңберінде 8 жоба бизнесмендерден қолдау тапты

Әлеуметтік идеялар платформасына барлығы 216 өтінім келіп түсті. Ең көп жобалар Алматы (47 жоба), Павлодар (34 жоба) және Қостанай облыстарынан (27 жоба) келіп түсті.

Платформаға қатысу үшін 141 жоба іріктеліп алынды. Бүгінгі күні кәсіпкерлер 8 жобаға қолдау көрсетті.

Оның ішінде 4 жоба Алматы облысынан және Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Шымкент қаласының әрқайсысынан 1 жобадан.

Осы жобалар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Мысалы, «Нақты көмек» қоғамдық қорының жобасы (Жамбыл облысы) мүмкіндігі шектеулі жандарды пішіп-тігуге, қолөнерге, тоқыма ісіне, құрақ өнеріне үйрету және әрі қарай жұмысқа орналастыруды қарастырады.

Өз кезегінде, «Балатай» қоғамдық қорынының «Мұраны дамытамыз – туризм мен өзімізді дамытамыз» жобасы ұлттық кәсіп пен қолөнерді үйрету және дамыту орталығын құруға бағытталған. Аталған жоба Алматы облысы Қарасай ауданында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік идеялар платформасын өткізудің негізгі мақсаты бұл – қоғамның әлеуметтік мәселелерін анықтау және шешудегі бизнес пен үкіметтік емес ұйымның өзара іс-әрекетін күшейту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік тәжірибелерін ілгерілету.

Қазақстандық кәсіпкерлер және кез-келген адам барлық жобалармен asarprojects.kz сайты арқылы танысып, оларды іске асыруға күш-жігерін сала алады.

Айта кетейік, аталған платформа алғаш рет былтырғы жылы Атырау облысында өткен «ASAR» үшжақты ынтымақтастық I республикалық форумында ұйымдастырылған болатын. ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің «ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен жыл сайын өткізіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз