Нұр-Сұлтан
Қазір
-26
Ертең
-27
USD
458
0.00
EUR
494
0.00
RUB
4.99
0.00

Арзан ипотека бәріне жетеді – министр

Министрдің айтуынша, бір аптаның ішінде Ұлттық банкпен бірге жаңа бағдарламаны іске асыру жоспары дайындалады. Аталған құжатта арзан ипотеканы берудің нақты жолдары көрсетіледі.

«Қазіргі кезде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі барлық ипотеканың жартысынан көбін алып отыр. Меніңше, жаңа компанияның келуімен бәсеке қыза түседі.

Әлбетте, халық арзан ипотеканы асыға күтіп отыр. Компания құрылғаннан кейін адам кезегі де көбейді. Оны да жақсы түсінеміз. Алайда Мемлекет басшысы ипотека саласына бір триллион теңгеге дейін қаржы тартуды тапсырған болатын. Сондықтан жаңа бағдарлама қарбалассыз іске асырылуы тиіс»,

– деп атап көрсетті Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Осыған байланысты ҚР Ұлттық банкі жанынан 7 проценттік ипотеканы беретін жаңа компания құрылады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз