Шоу-бизнес өкілдері той маусымына дайындықты бастап кетті.
Әншілер ерте ме, кеш пе карантиндік шектеу шаралары тоқтап, олар өздерінің бұрынғы қалыпты өмірлеріне қайтып келеміз деп үміттенеді.
Рейтинг.kz Youtube-арнасының авторы Данияр Есен әртістердің менеджеріне хабарласып, Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Мадина Сауақасова, Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа секілді танымал әншілерді тойға шақыру үшін қанша сома қажет екенін сұрастырып білді.
Мадина Садуақасова 1 млн теңгеге тойға шығуға дайын. Бірақ гонарардан бөлек қажет болған жағдайда әншіге екі адамға самлолет билетін сатып алып, қонақ үйдің ақысын төлеу керек.
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Ерке Есмаханның менеджері карантинге дейін оның гонарары 3 млн теңге болғанын хабарлады. Енді әнші 5 мың долларға (2 млн теңгеге) тойда өнер көрсетуге дайын екен.
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Айта кету керек, поп-музыканың отандық королі Қайрат Нұртастың бағасы қымбатырақ — 3,5 млн теңге. Айтпақшы, ол бұрындары өз қызметі үшін 4, кейде тіпті 5 млн теңге сұраған.
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Нұрболат Абдуллиннің гонарары 2,4 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар әртіс пен оның директорының ұшақ билетінің, жатын орнының ақысын төлеп беруі керек.
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Әбдіжаппар Әлқожаның талаптары өзгермеген. Әнші тойға келген қауымды 2 млн теңгеге қуантуға дайын.