Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
10
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

Аршавин қазақстандық журналистің шашын алып тастады (видео)

Маусым басында журналист Андрей Аршавиннің Қазақстан чемпионатында көп гол соғатынына күмән келтірген еді. Воликов: «Егер Аршавин «Қайрат» сапында чемпионатта 8 гол соғатын болса, шашымды тақырлап алып тастауға дайынмын» деп уәде берген еді.

Ел біріншілігінің кезекті турында «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді. Сол ойындағы жалғыз голды Андрей соққан еді. Бұл оның Қазақстан біріншілігіндегі сегізінші голы болатын. Осыдан кейін футболшы журналистке өзінің уәдесін орындауды, қажет болса шашын өзі алып беретінін айтып видеоүндеу жолдаған болатын.

Кейіннен тележүргізуші шашын алдыруға аса құлықты емес екенін, соңғы сәтке дейін Андрейдің 8 гол соқпайтынына сенгенін айтқан еді.

Дегенмен, кеше Петр уәдесінде тұрып, шашын алдыруға дайын екенін айтты.

«Мен өз сөзіме жауап беруге дайынмын. Сондықтан, басымды саған сеніп тапсырамын. Кездесуді 6 қазан, сағат 14:00-ге белгілеймін. Кездесу орны – Алматы қаласындағы «Астана» алаңы, Әлия мен Мәншүк ескерткіштерінің алды. Өзіңді асыға күтемін» – деген болатын журналист.
Бүгін Аршавин журналисттің шақырған жеріне уәделі уақытында келді. Ресейілік футболшының айтуынша алғаш рет өзге біреудің шашын алып отыр екен.

 

0c700d5e87ce055d043288f0dff404c8

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз