Армения үкіметі отставкаға кетті. Арменияның Еуразиялық экономикалық одақтан шығуын талап еткен оппозиция жеңді. Шынында, олар одақтан шығып, Қазақстан мүше экономикалық бірлестіктің іргесі сөгіле бастаса не болады?
Осыған қатысты kaz.365info.kz мамандар болжамының бір парасын жариялайды.
Саясаттанушы Досым Сәтпаев Арменияның Еуразиялық одақтан шығу мүмкіндігін жоғары бағалайды.
– Кезінде Армения мен Қырғыз Республикасын Еуразиялық экономикалық одаққа қосып алу Ресей үшін экономикалықтан гөрі саяси маңызға көбірек ие болды. Осылайша Мәскеу өзінің жақтастарын, нақтырақ айтқанда, ықпал ете алатын мемлекеттерді бір жерге шоғырландыруға тырысты.
Сөйтіп Астана мен Минискінің бұлтақтауына енді жол жоқ, әлем, міне менің жұдырығымда екендеріңді көріп отыр деген сыңай байқатты.
„Барқыт төңкерісінен„ соң Арменияның позициясы қандай болады? Бұл қазір бәріне қызығы. Айтқандай, өткен жылдың күзінде Парламенттегі оппозициялық фракция Арменияның Еуразиялық экономикалық одақтан шығуы туралы мәселе көтерген. Себебі осы одаққа кірген соң бұл елдің экономикалық көрсеткіші төмендеп кеткенге ұқсайды. Демек, шығамыз десе, одақтан олардың шығып кетулері де мүмкін, – деп жазды саясаттанушы әлеуметтік желідегі парақшасында.
https://kaz.365info.kz/osy-zholy-bari-bitedi-sarapshy-resejge-salynatyn-sanktsiyanyn-symdykh-khypiyasyn-ashty-276042
Ал халықаралық экономикалық сарапшысы Алғатбек Қыдырбекұлы Армения үкіметі отставкаға кеткенімен, оның Еуразиялық экономикалық одақтан кетуі екіталай екенін, тіпті бұл ел осы одақтан шыққанымен оның осы интеграциялық ұйымға әсері шамалы екенін айтады.
– Әу бастан Армения көршілерімен қарым-қатынасын бұзып алған. Халықаралық қарым-қатынасқа түсу үшін көрші Түркия, Иран, Әзірбайжан, Грузия арқылы шығуы тиіс. Бірақ осы елдердің бір де біреуі Армениямен жақсы емес. Қарабақ дағдарысымен олар тағдырын осылай Ресейге тәуелді етті.
Иә, оларды қолдайтын жалғыз Ресей. Соның күшімен аяғынан тік тұрып келеді. Бірақ қазір санкцияға байланысты Ресей қаржылық қолдауларын қысқартты. Бұрынғыдай ағылған трансферт ақша жоқ. Армения шындап қиналып, шындап тығырыққа тірелді. Саргисянның өзі шамасы жоқ екенін мойындады.
Тіпті, Армения Еуразиялық экономикалық одақтан шығып жатса да оның осы одақтың әлісреуіне керемет ықпалы жоқ. Қазақстан экономикасына, жалпы Қазақстанға Армения үкіметінің отставкаға кетуі ешқандай ұпай да, жеңіліс те әкелмейді. Себебі ол көз үшін жүрген одақтағы біреу.
Ал Қазақстанға қазір қауіптісі ұлттық валютаны Ресей рубліне байлап қоюы. Салдарынан ел экономикасында құнсыздану қатты жүріп жатыр. Мен мұны мәжбүрлік деп ойламаймын, тек билікте сауатсыз әрі өзінің жеке қамын ойлайтын біреулер жиналып алған, болды, түк те емес. Мысалы, Марченконың кезінде бұлай болмаған. Өйткені оның төбесі тесік…
Әрине, билікке жақсы: „Ресей санкцияда, рубль құлады, артынан біз де кеттік„ деп ақтала салады. Бірақ енді бірдеңе қылу керек қой, ол мәселені шешу үшін. Есі дұрыс үкімет ақшасын әлсіз валютаға байламайды. Мұның өзі өрескел қателік. Бірақ біздің үкімет сол қателігі үшін жауап беруге құлқы жоқ, – дейді маман.
https://kaz.365info.kz/putinge-zhaba-bermender-shyn-esalan-bilik-bizdiki-goj-sayasattanushy-309650
Арменияның өз саясаттанушылары да Ресейсіз бұл елге қиын болатынын айтады. Саясаттанушы Армен Гаспарян Ресейсіз Армения мемлекет болудан қалады деп санайды.
«Ештеңе өзгермейді. Армения Ресеймен барлық жағынан әріптес ел: саяси, экономикалық және әскери дегендей. Қазір жағдай қиын, оны бір демде өзгерту мүмкін емес. Ал Арменияға қазір қол ұшын беретін тек Ресей ғана.
Жалпы, мен Армениядан диктатура немесе тоталитаризнің айқын көрінісін көрген емеспін. Демократия жоқ емес, бар. Енді нені өзгертуге болады? Әрине, Арменияда 300-ден астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істеп жатыр. Мақсаты белгілі ғой. Бірақ одан пайда жоқ.
Ресеймен біргеміз, әйтпесе Армения деген жоқ. Мұны жергілікті халық жақсы біледі. Өйткені Армения жау елдердің ортасында қалған мемлекет. Оны сырттағылар ұға алмайды.
Төрт мемлекетпен шектесеміз. Ішінде жібі түзуі – Грузия. Онда да арасында бұзылып қаламыз. Әзірбайжанмен діни соғыс жүріп жатыр. Турасын айтқанда солай. Түркиямен мүмкін емес. Түсінікті ғой неге екені. Сондықтан Ресейсіз бізге күн жоқ. Иә, олардан құтылайық деп талай іштей бүліндік. Бірақ тәжірибе көрсетіп берді, олардан басқа бізге ешкімнің жаны ашымайды.
https://kaz.365info.kz/saskhan-yjrek-putin-endi-khazakhstanga-shabuyl-zhasauy-mymkin-sayasattanushy-310737
Тек саясаткерлерге Саргисянның жеке басы ұнамады. Содан соң оны кетірді. Барқыт төңкерісінен соң жаңа Армения қосымша танктер мен артиллерияны Қарабақ жаққа қойып жатыр десе, мен еш таң қалмаймын.
Сондықтан бір өзгеріс күтудің қажеті жоқ бізден„ – депті армян саясаттанушысы беларусь басылымына берген сұқбатында.
https://kaz.365info.kz/aldausyratyp-zhatyr-dosym-satpaev-biliktin-halykhtan-khorkha-bastaganyn-ajtty-305586