Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
426
+0.01
EUR
495
-0.20
RUB
5.98
+0.03

Армян фотографы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің танымал туындысын сыйламақ

Давид Акопян 7 жылдай Армения президентінің жеке фотографы болып жұмыс істейді. Оның барлық кездесулеріне, соның ішінде Қазақстан президентімен бірге өткен іс-шараларға да қатысып келеді.

«Мен қандай фотокадр алатынымды көз алдыма елестеттім, бірақ дәл осылай суретке түсіремін деп ойлаған жоқпын. Шынымды айтсам, мына сурет маған қатты ұнайды», – деді армян фотографы.

Давид Акопян Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін өзінің Facebook пен Instagram парақшасына жариялады.

«Бұл суретті интернетте осылай тарап кетеді деп ойламаппын. Бүгін таңертең оянғанда бүкіл Қазақстанға танымал болдым. Қазір менің Facebook-тегі парақшамда армяндықтардан гөрі қазақстандық достарымның саны көп», – деді ол.

Таңертеңнен бері фотографқа қазақстандық журналистер хабарласып жатыр екен. Давид Акопянның түсірген суреті армяндық әріптестерінің де, француз журналистерінің де қызығушылығын тудырған.

«Мен бұл суретті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқым келеді», – деп мәлімдеді Армения президентінің жеке фотографы. Давид Акопян таяуда болатын іс-шараға өз елінің президентімен барған кезде бұл туындысын сыйға тартпақшы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз