Нұр-Сұлтан
Қазір
-17
Ертең
-8
USD
435
+0.42
EUR
494
+3.77
RUB
5.81
+0.03

Армения президенті оппозиция талабын орындап, жаңа үкімет құратынын мәлімдеді

«Бірнеше айдан кейін дәл осындай үкіметтің, дәл осындай биліктің болатынын сенімділікпен айта аламын», – деп мәлімдеді республика басшысы.

Ұлттық келісім үкіметін құру – оппозиция көтерген талаптардың бірі.

Сондай-ақ Армения президенті 29-30 шілде күндергі әрекеті үшін халықтан кешірім сұрап, енді қарумен, күштеу арқылы мәселені шешуге жол берілмейтінін айтты.

Еске сала кетелік, 17-шілдеде қарулы топ Еревандағы полция бөлімшесін басып алып, полиция қызметкерлерін кепілге алған. Одан кейін олар 4 дәрігерді кепілге алды. Олар түрмедегі оппозиция көшбасшысын босатуды талап етті.

Бір жарым аптаға созылған келіссөзден соң, билік полиция бөлімшесін басып алғандарды күштеп ауыздықтау туралы шешім шығарды. Бұл шешіммен келіспеген халық үдере көтеріліп, көшеге шықты. Бейбіт шеруге шыққан халықты да билік тарқатуға мәжбүр болды. Қазір полиция бөлімшесін басып алғандар қамауға алынды. Оларға қатысы бар деген тағы 50 шақты адам ұсталып, тергеп-тексеріліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз