Танымал тележурналист Арман Сқабылұлы өзінің «facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасына қазақ эстрадасының жұлдыздары Төреғали Төрәлі, Қайрат Нұртас, Мәдина Садуақасова мен Димаш Құдайбергеновтың суретін жүктепті. Суретте бүгінде Қытайдағы «Singer 2017» байқауына қатысып жүрген Димаштың үш жұлдыздан шет тұрғаны байқалады.
«Бүгін депутаттармен фонограммамен (мен оны «жансыз дауыс» деп аудардым) əн айтуға тиым салу немесе шектеу қою жөнінде қызу пікірталас жүргізуге тура келді. Көрші Өзбекстан мен Түрікменстанда «жансыз» дауысқа мүлдем тиым салынды. Еуропаның дамыған елдерінің барлығында дерлік əншілер концертінің фонограммамен болатындығы жайында көрерменге ескертуі тиіс. Олай болмаған жағдайда оларға үлкен айыппұл салынады. Мұндай заңдардың қабылдаудағы негізгі мақсат -жанды, табиғи дауыспен айтатын шын таланттарды табу жəне тану.
Мына суретті Арай қарындасымның парақшасынан алдым. Атағы жер жарған «жансыз» дауысты үш əншіміздің əр жағында елеусіз ғана тұрған Димаш баламыз. Тіпті біреу «əрі тұр» деп шеттетіп жатыр ма өзі» деп жазады Арман Сқабылұлы.
Дереккөз: kungei.kz