Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Арбада отырып жылайды: әйгілі Шумахер қазір қандай күйде?

155

Спортшының денсаулығы туралы ақпаратты жақын туыстары өте құпия сақтайды. Бірақ өткенде туыстары Шумахердің ақырындап өз эмоцияларын білдіре алатындай жағдайға жеткенін айтыпты.

«Оны кейде арбаға отырғызып, вилладан шығарамыз. Ол табиғатқа, тауға, өзенге қарайды. Михаэль сондай кездері ұзақ жылайды. Кәдімгідей көздерінен жас ағады»,

деген бір туысқанының сөзін Mirror келтіреді.

2015 жылы Италияның Corriere della Serra газеті

даңқты пилоттың кейде үйде балалары мен әйелінің дауыстарын естіген кезде жылап қалатынын жазған.

Mercedes Formula One driver Michael Schumacher of Germany gestures during the first free practice session of European F1 Grand Prix in Valencia June 24, 2011. REUTERS/Albert Gea (SPAIN – Tags: SPORT MOTOR RACING)

Еске салсақ, Михаэль Шумахер 2013 жылдың 29 желтоқсанында француздың Альпі тауларында шаңғы теуіп жүргенде трассадан шығып кетіп, басымен тасқа соғыла құлаған. Басындағы шлемі сынып кетіп, ауыр жарақат алды. Бастапқыда ес-түсі бар сияқты болғанымен, кейінірек дәрігерлер оны шұғыл жағдайда жасанды тыныс алу аппаратына қосуға мәжбүр болды.

Екі рет жасалған күрделі нейрохирургиялық операциядан кейін Шумахер жасанды кома жағдайына түсірілген.

Келесі жылдың маусымында ол комадан шығып, ауруханадан үйіне жеткізілді, деген ақпарат тараған. Ал спортының менеджері Сабине Кем Шумахердің денсаулығы туралы ақпарат құпия болады деп баспасөзге ескерту жасаған болатын.

Кейінірек Шумахер отбасының адвокаттары спортшының жүріп-тұра алмайтынын, тіпті сөйлей алмайтынын, сондай-ақ ақыл-есін жоғалтқанын хабарлады.

https://kaz.365info.kz/zhakhsy-boldy-khylagymnyn-zhartysy-zhokh-telefonmen-sojlesu-onaj-251393

Спортшы есін жинауы үшін оның отбасы мен дәрігерлер тобы Михаэльге бұрыннан таныс жағдайларды жасауға тырысқан. Жуырда оның Швейцариядан Испаниядағы Мальорка аралына көшетіні белгілі болды.

L’Illustre басылымының ақпаратынша, Шумахердің әйелі Коринна сол аралдан 30 млн евроға үй сатып алған екен. Айта кетсек, ол үй бұрын мадридтік «Реал» клубының президенті Флорентино Перестің иелігінде болған.

Шумахер жеті рет әлем чемпионы атанған, бұл әлі күнге дейін рекорд саналып келеді.

Қазір Михаэльдің 19 жастағы ұлы Мик те шабандоз, әзірге ол «Формула-3» жарыстарында өнер көрсетеді.
https://kaz.365info.kz/yyat-bolady-formula-1-zharysy-khozdyrgysh-khyzdardan-bas-tartty-foto-300268

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз