Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Арамызда әдемі сезім болды”. Тәуекел Мүсілім сүйіктісі туралы ашық айтты

279

“Сырт келбеті үшін басты рөлді сомдаған” деп кінə артқыш жандарға бұл үлкен жаңалық болмақ»,-дейді актер.

Сондай – ақ, шығармашылықтағы үзіліске де адамдардың пікірінің себеп екенін актер жасырмады.

“Бұған дейін көп фильмдерде басты рөлдерді сомдап, көп жұмыс жасалды. Алайда, “Тəуекелден басқа жігіт жоқ па? Түрі үшін шақырады. Тəуекелден шаршадық. Актерлік қабылеті төмен” деген секілді əріптестерімнің де əңгімесі, көрерменнің де пікірлері көбейіп кетті. Сондықтан, кішкене үзіліс алып, демалып, көрерменмен сағынып қауышқан жөн деп шештім.

Əрине, мүлдем шақырмайды десем өтірік болар. Телехикая, түрлі фильмдерге шақыртулар бар. Бірақ, маған лайықтысы кездеспеді. Мен тек өзіме кейіпкерім, оқиға желісі ұнаса ғана түсемін. Ал, сіздің келесі қояр сауалыңыз гонорар туралы болса, ол продюсерім Жанна ханымға ұнауы керек. Ақша жағына мүлдем араласпаймын”,-дейді Тәуекел.

Өзінің жыл бойғы еңбегінің ақысын жинақтаған Тəуекелдің жазғы демалысқа жоспары ерекше.

“Инстаграм парақшамнан көріп-білгендеріңіздей мен достарыммен шетелге барып, бірнеше күн демалып келдім. Алайда, ең қызықты əрі пайдалы демалыс – отбасыңмен бірге болу деп ойлаймын.

Жақын аралықта анамды, тəтемді, інімді, туған əпкем мен жиендерімді шетелге апаруға ниеттімін. Əзірге қай мемлекетке баратынымызды шешпедік. Бір білетінім, ол кісілерге ел көрсету, жақсы демалыс ұйымдастыру менің міндетім. Қай елді таңдаса да еш қарсылықсыз барлық шығынды өзім төлеуге дайынмын”,- деп ағынан жарылған бауырмал ұлдың отандық туризмге еш көңілі толмайды.

“Елімізде де əдемі жерлер мен сұлулыққа толы табиғат бар. Бірақ, туризм əлі ақсаңдап тұр. Қызмет көрсету сервистері өте төмен. Бағалары өте қымбат. Еліміздегі демалыс орындарына жұмсаған ақшаға шетелде де демалуға болады. Есесіне, өзге елдің мəдениетімен танысып, жоғары қызмет көрсетулерге куə боласыз. Сондықтан, мен шетелде демалуды жөн көремін”,-дейді Тәуекел.

Əдемі демалысқа да аз қаржы кетпейтінін Тəуекел тілге тиек етті.

“Қазір нарық шарықтап тұрған заман ғой. Жақсы демалу үшін жақсы шығындалып, көк қағаздарды аямай төлеу керек. Шетелде демалу үшін ең кемінде 1000 АҚШ долларын жұмсауға дайын болыңыз. Оған тек ұшып – бару жəне жататын орныңыз кіреді.

Айтпақшы, бұл бағаны акциялар арқылы таба аласыз. Ал, өзімнің демалысым үшін қанша жұмсайтынымды бұған дейін еш есептеп көрмедім. Бірақ, барынша үнемді болып, ысырапқа жол бермеуге тырысамын”,-дейді бойдақ жігіт.

Əр ісі мен қадамына есеп беретін Тəуекел соңғы кездері ғаламторды жайлаған бейтаныс арумен түскен фотолар туралы алғаш рет ашық жауап берді.

 

“Иə, ол менің жүрегім қалаған, ұнатқан ару. Сүйіктім болған. Азды -көпті кездесіп, арамызда əдемі сезім болды. Бұл суретке сол кезде түскен едік. Кімнің жəне не үшін ғаламторға жүктегенін білмеймін.

Бірақ, қазір ол қызбен арамызда ешқандай байланыс жоқ. Себебі, екеуміздің өмірге деген көзқарасымыз бен түсінігіміз əртүрлі болып шықты. Сондықтан, махаббат оты ерте өшті. Қазір басым бос.

Үйленуге ниетті болсам да, болашақ өзіме адал жар, анама ибалы келін, балаларыма ақылды ана болатын қызды кездестірмедім.

Мен үйлену деген нəрсеге үлкен жауапкершілікпен қараймын. Бір рет үйленіп, соңғы демің қалғанша сол адаммен бірге болу керек деп білемін. Өйткені, тағдырлары екі бөлек кеткен ерлі – зайыптылардың зардабын мен бала кезімнен сезініп, көріп өскенмін.

Менің болашақ балаларымның балалығы еш уайымсыз, тəтті өту керек. Сол үшін де өмірлік серігіме қоятын талаптарым өте қатал əрі көп. Ең бастысы, анамның кеңесі бойынша бойы ұзын болу керек. Жəне менің өнердегі жұмысымды түсініп, қолдау көрсету керек”, – дейді актер.

Фото: muzo.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз