Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қаралы қауым Болат Сыздықовпен 10 мамырда қоштасады

Алдында өткен түнде белгілі өнер өкілі Болат Сыздықовтың дүниеден озғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандық гитарист, композитор және “Мюзикола” тобының әрлеушісі, “А Студио” тобының бұрынғы мүшесі Болат Сыздықов 1956 жылы 21 маусымда Қарағандыда өмірге келген. Ол бала кезінен музыкамен айналысып, Александр Мажелянның ұстаздығымен джаз гитарасынан білім алып шыққан. Ол 16 жасында Қарағанды филормониясына қабылданып, “Гәкку” ансамблімен де бірге өнер көрсеткен.

1976 жылы ол Алматыға келіп “Гүлдер” ансамбілінде, “Арай” тобының құрамында еңбек етіп, Роза Рымбаевамен де бірге жұмыстар атқарды. 1992 жылдан бастап Карина Абдуллинамен бірге “Мюзикола” дуэтін құрып, елге танылды.

Ол 2012 жылы 5 желтоқсанда ел президентінің жарлығымен “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері” атағын алған.

Музыкант әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы уақытта ауыр сырқатпен күресіп жүргені жайлы жазған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз