Баян Алагөзованың жанкүйерелрі оның үлкен қызымен ара-қатынасына алаңдаулы. Себебі, Айсәуле анасы жайлы әлеуметтік желіде жазуды доғартып, тіпті туған күні мен үйлену тойымен да құттықтамаған.
Естеріңізге сала кетейік, продюсердің кенже қызы Айару анасымен бірге түскен суреттерін жиі жариялап тұрады. Ол анасы мен оның жұбайымен бірге Тайландқа демалысқа барған. Алайда, үлкен қызы қазіргі уақытта Лос-Анджелесте екен.
“Менің анам ең әдемі, ең сүйікті, туған күніңмен, мен сені жақсы көрем”,- деп Айару анасының 44-жас туған күнімен құттықтады.
Ал продюсердің үлкен қызы анасына арналған тілегін жарияламауды жөн көрген сияқты.
Желі қолданушылары Баян Алагөзованың парақшасына осы жағдайға байланысты түрлі пікірлер қалдыруда:
“Неліктен сіздің үлкен қызыңыз сіздің шаңырақ көтеруіңізбен, туған күніңізбен немесе жаңа жылыңызбен құттықтамайды немесе суреттеріңізге лүпіл баспайды? Рақмет!”, “Араласпайды ма?” -деп жазады желі қолданушылары.
https://kaz.365info.kz/korpenin-astynda-tyrsyngali-alagozov-bayan-ekeuinin-yyatsyz-suretin-zhariyalady-foto-275242
“Сіз анаңызды туған күнімен құттықтағыңыз келмейді ме?”-деп жазады екіншісі.
Алайда,мұның себебі әлі беймәлім.