Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қара халық мені жамандай бермесін!” Әкім Әубәкіров ашуланып кетіпті

133

Біздің елдің жағдайы басқалармен салыстырғанда көш ілгері деп санаймын. Әсіресе, Елбасымыздың байсалды саясатының арқасында.

Бұл жәй мадақ емес. Мен әр жұмысқа сын тағылатынын жақсы білемін. Кез келген жағдайдан кейбір адамдар жеке мүддені іздейді, түсінемін. Бірақ адамның ар-намысына тиетін деңгейге түспеу керек деп жазыңыздаршы. Пікір қалдырушылар мені сынай берсін, бірақ жеке бастың ар-намысын қорлауға көшуге жол берілмеуі тиіс. Бұл – менің жәй бір кеңесім” – дейді „Новый Вестник„ тілшісімен арадағы әңгімесінде қала басшысы.

Шенеуніктің пікірінше, компьютер алдында пікір жазғыштар күші мен білімін тектен текке сарп етеді. Олардың бұл энергиясын басқа пайдалы іске бұрған дұрыс. Сондықтан әкім оларды өз пікірлерін виртуальды емес, көзбе-көз жайып салуға мүмкіндік беретін Қарағанды қоғамдық кеңесінің отырысына қатысуға шақырды.

“Мен Сіздерде жазба қалдыратын адамдарды диалогқа шақырамын.

Олар мен қағазсыз да сөйлей алатынымды көрсін. Адам бастауыш мектепті 4 пен 5-ке, ал КарГУ-ді қызыл дипломға оп-оңай бітірмейді! Тура солай деп жазыңыз! Мен олармен сөйлесуге дайынмын.

Бірақ олар „”Животное” немесе “Ушлепок” сынды лақап аттармен жасырынып, қашпасын. Оларға ата-анасы азан шақырып, ат қойды емес пе? Әлде, есімдерінен ұялады ма? Бірақ „аң„ немесе „шыбын ұрғыш„ болған ұнаса, жарайды онда. Бұл – өз мәселелері. Мен ренжігеннен айтып отырған жоқпын. Қоғамдық кеңеске келіңіздер, көмек көрсетіңіздер. Біз көп жағдайда бір нәрселелерді жіберіп алып жатамыз. Шикі тұстар бар. Бірақ бұл жұмыс істеліп жатқанын білдіреді. Қателеспейтін адам, ешнәрсе істемейтін адам емес пе?..” – дейді Әубәкіров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз