Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қарағанды облысында итіне бола кісі өлтірген азамат сотталды

Қарағанды облысында Р. есімді азаматтың өзімен бірге спирттік ішімдік ішіп, ащы судың буына еліткен Т.есімді жолдасы есік алдындағы итіне пышақ ала жүгіріп, мерт қылған. Бұған қатты ашуланған иттің иесі Т.есімді азаматтың мойны мен арқасын өткір затпен тоқтаусыз ұра берген. Көп ауыр соққы салдарынан қонақ сол арада тіл тартпай кеткен. Ол – Ресей Федерациясының азаматы болған.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты анықтағандай, ол алдында өз әйелін өлтіргені үшін сотталып, 2006 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан екен. Ал енді ит үшін адам өлтіріп тағы 14 жылға сотталып отыр.

Судья оны қатаң режимдегі түзеу колониясына қамау туралы үкім шығарды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз