Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ресейде жастардың үштен бірі елден кеткісі келеді

167

2018 жылы 13-19 желтоқсанда жүргізілген «Левада-Центр» сауалнамасының деректері бойынша, РФ-ның кәмелетке толмаған жастарының 17%-ы басқа елге көшіп кеткісі келеді. Бұл зерттеулер жүргізу тарихындағы ең үлкен көрсеткіш емес (2011 және 2013 жылдары 22% болған), бірақ өсу үрдісі байқалады. Бір жыл бұрын көшіп кетуді қалайтындардың үлесі 15%-ды құрады.

Бір қызығы, басқа жаққа көшуді түбегейлі қаламайтындардың да саны өсуде. Соңғы сауалнама бойынша олардың үлесі — 61%. Бұл 2011 жылдан бері рекорд.

Бұл ретте респонденттердің 14%-ы эмиграциялауды қалайтындарға теріс көзқараста (қолдайтындар екі есе көп — 28%). Ал Ресейдің әрбір бесінші тұрғынының (20%) соңғы 2-3 жылда шетелге көшіп кеткен туғаны немесе танысы бар болып шықты.

Елден кеткісі келмеуінің бір себебі, олардың салыстыратындай мүмкіндігі жоқ

Соңғы 5 жылда ресейлік азаматтардың жартысынан көбі шетелде болмаған – сұралғандардың 58%-ы осылай жауап берген. Сұралған әр 10-шы адам бұрынғы КСРО елдеріне, курорттық елдерге (8%-ы – Түркияға, 3%-ы — Египет мен Тайландқа) барған. Соңғы 5 жылда Еуропада болған адамдардың үлесі небәрі 6%, Қытайда болғандар – 2%, АҚШ-та болғандар 1%-ды құрады.

Жастар шетелді аңсайды

Жасқа байланысты эмиграцияға көзқарас та өзгеріп отырады. Көшудің барлық идеясын 18-24 жас аралығындағы жастар белсенді қолдайды (41% — көшіп кетуді қалайтындар; 45% — көшіп кететіндерге оң қарайды; 3% — теріс көзқараста).

Бірақ есейген сайын бұл қалау төмендейді. Зейнеткерлік және зейнеткерлік жас алдындағы (55 жастан бастап) респонденттер арасында ол тек 5%, оң көзқарастағылар – 19%, теріс көзқарастағылар – 23%. Яғни

кемелдене келе ресейліктер басқа елге көшу ойынан бас тартады және көшіп кеткендерді жиі айыптайды

Білім беру көшіп кету ниетіне аса әсер етпейді: идеяны жоғары білімі бар респонденттердің 19%-ы, орта және төмен білімі бар респонденттердің 14%-ы қолдайды.

Эмиграциялық көңіл-күй көп жағдайда саясатқа белсенді қатысқысы келетіндерге  және өзін заң қорғауында екенін сезінбейтіндерге тән болды.

Шағын қалада қалаушылар аз

Көбінесе «Батыс Еуропада, АҚШ-та орта отбасының жақсы өмірін» қалайтындар (27%) және өмір сүрудің ең қарапайым деңгейінде өмір сүруге ұмтылғандар (18%) көшіп көтуді жиі қалайды. «Бәрімен бірдей-ақ» өмірді қанағат тұтатындар шетелге аса ұмтылмайды (11%).

Тағы бір ерекшелікті айта кету керек: қала шағын болған сайын эмиграцияға ниет білдірушілер де аз. Мәскеуліктер ауыл және шағын қала тұрғындарына (тиісінше 21% және 11%) қарағанда қоныс аудару туралы жиі ойланады. Астаналық тұрғындар арасында шетелге көшкен туыстары мен таныстарының үлесі жоғары.

Халқы 100 мың адамнан аз шағын қалаларда эммиграцияға теріс көзқарас қалыптасқан. 18%-ы шетелге тұрғылықты көшіп кетуге қарсы.

Эмиграция — жүзеге асырылмайтын арман

Әлеуметтанушылар бұл идеяны жүзеге асырылмайтын арман ретінде қабылдайтындарын айтады.

«Кедейлік деңгейі соншалықты, адамдар көшіп кетуді нақты мүмкіндік ретінде ойлай алмайды

Олар бұған материалдық тұрғыдан дайын емес, сонымен қатар эммиграциялық көңіл-күй де жоқ», – деп атап өтті «Левада-центр» әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Наталья Зоркая.

«Мысалы, Еуропада ешқашан болмаған адамдарды, онда озбырлық пен ресейліктерге жеккөрушілік өрбіген дегенге сендіру оңай», — дейді саясаттанушы Аббас Галлямов.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та ахуалға түсініктеме берді. Оның айтуынша, жастар тарапынан эмиграцияға оң көзқарас мәселе емес:

«Егер дұрыстап қарасаңыздар, азаматтардың басым бөлігі Ресейден басқа жерге көшуге дайын еместігін және құлықсыз екенін мәлімдеген. Сондықтан бәрі салыстырмалы мәселе», – деп түсіндірді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, сұрақтың өзі «дерексіз сипатқа ие».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз