Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Әр төсекке жатқаным қыз зорлағандай болып аяқталады

244

Жалпы, мен ажырасар едім. Бірақ, ажыраса алмаймын. Еркек ретіндегі парызым жібермейді. Алайда, құдай ұрып, осыған қалай тап болдым деп жиі-жиі терең ойға кететінім бар. Мен жалпы табыстың, жетістікке жетудің адамымын. Сондықтан да, қосағың да талмай бірге шапса дейсің. Талмай ізденсе, ұдайы дамып отырса, білігі мен блімін шыңдап отырса, әдемілігімен айналысса, бизнесіңде бір сенерің де сүйенерің де болып көмектесіп отырса дейсің. Увы, мұның бірі де жоқ. баяғы қағілез де өжет көрінген қыздың қайда кеткенін білмеймін. Кер жалқау, жылусыз, қатыгез де кекшіл болып алғаны. Жәнеден ең масқарасы, уақытқа қарай өзгергісі, дамығысы келмейді. Ағылшын оқы, курстарға бар, тағысын тағыға тек қана “жоқ”. Көмек қолын созу деген атымен жоқ. Тым болмаса, моральдық қолдау көрсетіп отыруға миасы жетпейді. Әр төсекке жатқаным қыз зорлағандай болып аяқталады. Вроде бы, сүйіп қосылған сияқты-ақ едік. Маған деген бір өшпенділігі ме, бөтендігі ме, бар. Неден екендігін ұқпадым”, – деп сылқылдата жұтты стақандағы сұйықтықты.

Оның айтуынша, оған деген қанағаттанбаушылық соңғы кездері ернеуінен асып тасуға даяр. Бір амалын жасамаса болмайды. Нерві сыр беру мүмкін екен.

“Бәлки, жұрт құсап жасырынбақ ойнамай, бетімді құдай алдында да, ағайны алдында да ашып, тағы бір әйел алып алсам ба екен? Қалай олайсың?! Менің де адам құсап өмір сүруге қақым бар шығар?! Әйтпесе, онымен өтіп жатқан өмірім фальштығымен жан төзгісіз болып барады…

Өмірімнің мансаптық-карералық жағын айтпай-ақ қояйын. бір пәуескеге жегілген қос пар ат бірдей шаппағасын, оның да мәні болмайды екен. Бірі артқа тартып, екіншісінің демін тарылта береді. Екпінін басады. қала берді, құстың қос қанатының бірі нашар болса, дұрыс ұшудың да болмайтыны секілді өмірімдегі көп мүмкіндіктердің жеміссіз текке кетіп жатқаны тағы бар. Негізі, “Әр ұлы адамның артында әйел тұрады” деген рас сөз. Бұл әйелмен менің “ұлы” бола алмайтыныма сенімім кәміл. Төрдегі басымды есікке сүйреген, алтын басымды бақа басты қалыпқа түсірген деп ойлаймын өзім. Жұрт әйелдерінен қайтіп шабыт алатынын, менікі көтеріліп келе жатқан көңіліңді су сепкендей басады, шабытыңның шләпісін қайырып жібереді.

Міне, солай! Қанағаттанбау, түңілу, жеріну сезімі менде. Ең жаманы, оның осының бәрін біліп тұрып, күрескісі келмейтіні, қолын бір сілтегені жаныма батады. Онда тіпті ең сорлы деген әйелдің бойында болатын отбасы үшін күресу инстинкті де жоқ. “Кетсең кете бер” деген не сөз?! Мұқағалай айтқандай, “Ақ қаздар арасынан аққуымды. Ажырата білмеген сормаңдаймынның” нағыз өзі болдым. Мүмкін, менікі де дұрыс емес шығар. Кім білсін?! Әу баста бір жерден қиыс кеттім бе екен?…, – деп ұзын сонар монолог төгіле берді.

Не дерімді білмедім?! Не деп ақыл айтамын?!

– Қой, бір мәнісі болар. Отызға келдің, Соның шалығы ғой деп бәрін жігіттердің қуатын жасының кінәсіне арта салдым. Бірақ, өзім де ойға кетіп қалғанымды несіне жасырайын!

Аққу, аққу, қаз, қаз…

 

Elzat Berdishaiev

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз