Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 3 қарашадағы таңғы саудасында 334,16 теңгеге тең болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
3 қарашадағы таңғы сауданың бірінші келісімі 335 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды, ал минималдық құны – 333,80 теңге. Сауданың жалпы көлемі 37,800 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 333,5-336 теңге аралығында саудаланып жатыр.