Әлеуметтік желіде ойыншықтар ұтып алуға арналған аппаратты қалай алдауға болатын видео пайда болып, ол кеңінен тарап жатыр.
Ойыншық аппаратына тиын салып ойнауды бастаған адам, ілгіш темір әйнекке жақындағанда магнитті тарс еткізіп оны тартып алады, сөйтіп қысқыш құралды ойыншыққа апарады.
Мұндай апппараттар бізде сауда үйлерінде, ойын-сауық орталықтарында, тіпті темір жол және жолаушылар автобусы вокзалдарында орналасқан. Ойынды бастау үшін тесікке 100 теңге, кей жерде 200 теңге тастауыңыз керек. көптеген елде бар. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл трюкті қайталауға ынта білдіріп, алақандарын ысқылап отыр. Алайда кейбіреулер одан пайда жоқ дейді. Өйткені олар ойыншықтар көбінесе салмағы ауыр болғандықтан әлсіз темір қыса көтерген кезде түсіп қалады деген пікірде.