Атышулы продюсер Баян Мақсатқызы жас кезінде түсірген бейнеклипін жариялады. Желідегілер экс-Есентаеваның бойжеткен шақтағы сұлулығына қайран қалды, деп хабарлайды Stan.kz.
Жас таланттардың жұлдызын жағып жүргенімен, Баян Мақсатқызының өзі ән айтпайды. Алайда бойжеткен шағында ол да әнші болуды армандаған. Тіпті, арнайы бейнебаян түсіріп, халық назарына ұсынған. Ән айту шеберлігі өз көңілінен шықпаса керек, экс-Есентаева бұл істі тастап кетті. Есесіне мына әнбаян жастық шақтың естелігі ретінде жеке мұрағатта сақталып қалды.
Желі оқырмандары продюсердің жас кезде хас сұлу болғанын жарыса жазып жатыр.
“Мәә, өте әдемі шыққан, бірінші рет көріп тұрмын”, “Сондай сұлу әрі нәзік”, “Ана тіліңізде ән айтқаныңызды есту сондай жағымды”, – деп тамсанды желідегілер.