Нұр-Сұлтан
Қазір
-20
Ертең
-25
USD
515
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.17
0.00

Антисептиктер мен спирт оразаны бұзбайды — ҚМДБ

167
Наурызбай қажы Тағанұлы. Сурет: ҚМДБ

Бұл туралы брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«Коронавирустың алдын алу үшін антисептиктер мен спиртті пайдалануға болады. Бұл сіздің оразаңызды бұзбайды, —

деді Наурызбай қажы. —

Бұл қалыпты жағдай емес, төтенше жағдай.Осындай кезде өзіңнің денсаулығыңды қорғау үшін кейбір заттарды қолдану керек».

Сондай-ақ жоғары мүфти медициналық себептерден оразадан бас тартуға болатынын атап айтты.

«Төтенше жағдайды ескере отырып, егер дәрігер жаңа бір аурудың туындауына себеп болады немесе бұрыннан бар ауруларыңыз асқынуы мүмкін деген қорытынды жасаса, оразаны ұстамауға болды, —

деді республикадағы мұсылмандар көшбасшысы. —

Егер иммунитеті төмендеп кетсе немесе аурудың белгілері пайда болған жағдайда да оразаны кейінгі қалдыруға рұқсат берілген».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз